Жол жүрудің де жөн-жосығы бар

«Ақмола медиа»  баспасөз орталығында жол  қозғалысы туралы жаңа заңның талаптарына байланысты брифинг өткізілді. 

Онда облыстық ішкі істер департаменті әкімшілік полиция басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Жанбай Омаров осы  заңға түсініктеме берді. Жаңа жылдан бастап күшіне енген заңда жол ережесін бұзатындарға айыппұл көлемін арттыру арқылы жол-көлік апаттарын азайту  көзделіп отыр.
Соған қарамастан, жол қозғалысы ережелерін бұзу әлі де аз емес. Жыл басынан бері облыс бойынша мұндай жүргізушілерге барлығы  100 миллион теңгенің айыппұлы салынған.
Жаңа заңдағы көлікке балалар орындығын  қою немесе арнайы белдік тағу да балаларды тасымалдауда қауіпсіздікті қамтамасыз ету талабынан туындауда. Бұған әркім түсіністікпен қарауы керек. Жол сақшылары да әзірге заң қабылданды екен деп бәрін бірдей жазаға тартып жатқан жоқ. Көбіне ескерту жасауда. Осыны айтқан басқарма басшысы елімізде жүргізуші куәлігінің жаңа нұсқасы бекітілгенін де жеткізді.  
 
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар