Әкімге сұрақ. Әкімнің жауабы

Биылғы жылдың 23 ақпаны күні облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің халық алдындағы есеп беру кездесуі болып өткен-ді. Бұл жолғы аймақ басшысының есебі осы заманға сай, жаңа үлгіде өтіп, әкімнің есебі «call-орталық» арқылы «онлайн» режимінде және облыстық теледидар арқылы көрсетілген болатын. Сөйтіп, облыс тұрғындарына әкімнің есебін тыңдап, өз сауалдарын қоюға мүмкіндік жасалды. Кездесу барысында «Facebook», «YouTube», «Skype» әлеуметтік желілер арқылы да сұрақтар қойылды. Облыс әкімі өзінің есебінен кейін бірден залдан қойылған сұрақтарға жауаптар берген-ді. Алайда, қойылған сұрақтар көп болғандықтан, сол сұрақтардың барлығы да сараланып, енді міне, бәріне де жауап беріліп отыр.

Серіков Данияр, Көкшетау қаласы.
Сұрақ: Қайырлы күн! Мен Сізге Ақмола облысы әкімінің халық алдындағы есеп беру кездесуіне байланысты сауал қояйын деп едім. Көкшетау қаласындағы жаңа ТЭЦ құрылысына тендер қашан жүргізіледі?
Жауап: – Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберінде Көкшетау қаласында ТЭЦ құрылысын жүргізу жобасын жүзеге асыру үшін жеке серіктесті анықтау мақсатында екі кезеңнен тұратын конкурс өткізіледі. Конкурс 2017 жылдың 28 желтоқсанында жария-ланды. 2018 жылдың 1 наурызына дейін 4 компаниядан («Девятая концессонная компания» ООО – Ресей Федерациясы; «ДЭН» ЖШС, «Zhong Mao Group Co. Ltd» ЖШС ҚХР, «Khari Group LLC» АҚШ-Түркия) ұсыныс келіп түсті. Қазіргі уақытта конкурстық комиссия қатысушылардың техникалық ұсыныстарын қарау үстінде, оның қорытындылары бойынша жекелеген серіктес белгілі болады.

Көкшетау қаласының тұрғындары.
Сұрақ: Сізге «Ескі ет комбинаты» ауданындағы Құсайынов, Вавилов көшелері мен Жайлау шағын ауданында тұратын тұрғындар хабарласып отыр. Жеті жылдан бері бізге Вавилов және онымен жалғасатын Кенесары, Құсайынов көшелерінде асфальт төселген грейдер мен жаяу жүргіншілерге арналған тротуар болады деп уәде беріп келеді. Алайда, әкімдердің жиі ауысуынан нәтиже жоқ. Бұл көшелерде 20 мыңнан астам адам тұрады. Вавилов көшесімен №21 автобус қана жүреді. Жарық жоқ. Автобус аялдамаларына да жарық орнатылмаған. Шұңқырлар мен кезбе иттерден ересек адамдар мен балаларға жүріп-тұру қиын. Қаланың шеткі аймақтарын дамыту жөнінде бағдарлама бар, бірақ, ол бізге жетпей отыр. Көшелерде қоқыс. Таксиге тапсырыс берсек, жол жоқ, қараңғы деп келмейді. Вокзал мен қалалық ауруханаға бізден бару өте қиын. ХХІ ғасырда осындай жағдайдың орын алып отырғаны өкінішті-ақ. Сізден осы мәселелерді шешуіңізді сұраймыз. Көкшетау қаласындағы жұмысыңыздан жақсы бір із қалсын. Әйтпесе, әкімдер бір есепті жиналыстан бір есепті жиналысқа дейін уәде беріп, оны орындамайды. Алдын ала алғысымызды айтамыз. Және 2018 жылғы ақпандағы өз есебіңізде жауап беруіңізді сұраймыз.
Жауап: Биылғы жылы облыстық бюджеттен Вавилов көшесіндегі Көкшетау-Зеренді автожолынан Жайлау шағын ауданына дейінгі жолды күрделі жөндеуден өткізуді бастауға облыстық бюджеттен 178 миллион теңге қаржы бөлінді. Жобаның жалпы құны – 548 миллион теңге. Күрделі жөндеу шеңберінде жарық тарту, су өткізгіш жүйелерді, тротуарларды, бордюрлерді жөндеу, жол сызығын жүргізу, жаңа аялдамаларды, жол белгілерін, бағдаршамдар мен жүргіншілер жолдарын жасап, орнату жоспарлануда. Жөндеу жұмыстарын биылғы жылы аяқтау көзделіп отыр.
Жайлау шағын ауданына маршруттық автобустардың санын көбейту мәселесі көшеге күрделі жөндеу жүргізіліп болғаннан кейін қарастырылады. Кезбе иттер мен мысықтарды аулау мен жою жеке және заңды тұлғалардың өтінімдері бойынша «Көкшеветсервис» мекемесімен іске асырылады.

Ахметжанов Аманжол, Көкшетау қаласы.
Сұрақ: Құрметті Мәлік Кеңесбайұлы! Комиссия төрағасы ретінде Көкшетау қаласындағы көптеген зейнеткерлердің сауалын қойып отырмын (мүмкін, облыс бойынша да осылай шығар). Көкшетау қаласына көшіп келетін көптеген зейнеткерлер субъектілердің басшыларының ұрықсатынсыз бастауыш ардагерлер ұйымдарына есепке тұра алмайды. Бұл оларды қатты ренішке душар етеді және биліктегілерге теріс пікірлер қалыптасады. Мысалы, мен өзім 2009 жылы Зеренді ауданы Ақкөл ауылдық округінің әкімі қызметінен зейнет демалысына шықтым. Отбасым 1998 жылдан Көкшетау қаласында тұрады. Екі рет облыстық әкімдікке жүгіндім. Облыстық немесе қалалық әкімдіктердің бастауыш ардагерлер ұйымына есепке тұра алмаймын. Өйткені, олардың төрағалары бұл мәселені аппараттардың басшыларының рұқсатынсыз шеше алмайды. Еліміздің басқа аймақтарында ұзақ жылдар қызмет атқарған барлық зейнеткерлер өздерінің кіші Отаны – Көкшетау қаласына көшіп келгенде осындай қиындыққа тап болады. Сізден осы мәселені түбегейлі шешуіңізді сұраймын. Себебі, Сіз басқарып отырған аймақтың зейнеткерлерінің арасында қалыпты моралдық-психологиялық ахуалдық және дұрыс атмосфераның болуы белгілі бір дәрежеде осыған байланысты. Құрметпен, Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссиясының төрағасы.
Жауап: Барлық ардагерлер ұйымдары қоғамдық ұйымдар болып табылады, мемлекеттің олардың қызметіне араласуына тиым салынған.
Зейнеткерлерді есепке қою мәселелері аталған ұйымдардың ережелерімен ғана реттеледі және мүшелерінің жалпы жиналысында көпшілікпен шешіледі.
Егер сіз Көкшетау қаласының тұрғыны болсаңыз және осында тіркеуде тұрсаңыз, қалалық ардагерлер кеңесі бұл мәселені оң шеше алады және сізді бастауыш ұйымдардың біріне тіркейді деп ойлаймын. Бұл үшін сізге өтінішпен 25-76-39 телефоны бойынша Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесіне (Әлиев Ш.Ш., Соломина В.А.) хабарласуыңызға болады.

Ирина Нусс, Көкшетау қаласы.
Сұрақ: Құрметті Мәлік Кеңесбайұлы екі сұрағым бар.
1.Сенченконы қамқоршы ретінде тану жөнінде Көкшетау қалалық қамқоршылық органдарының шешімі қаншалықты заңды (бала сірке суымен уланғаннан кейін облыстық ауруханаға жатқызылды)? Кейін аналық құқығынан айырылған мамасын полиция қызметкерлері облыс орталығының көшелерінде топталып зорлау әрекетінен кейін бала тұратын мекен-жайға жеткізген.
2.Көкшетау қаласында мен тұратын Гагарин көшесіндегі 69 үйде кәсіпкер балалар алаңын жасады. Ол жаман емес. Солай бола тұра әкім неге жаңасын жоспарлаған. Ол тиісті аттестаттаудан өткізілді ме?
Жауап: 1.Сенченко Валентина Александровна туыстық қарым-қатынасына байланысты (балалардың әжесі) кәмелетке толмаған үш баланың қамқоршысы болып тағайындалды.
Баланың сірке суымен улануы бақытсыз жағдайдың салдарынан орын алды. Қазіргі уақытта баланың жағдайы қанағаттанарлық. Кәмелетке толмағандар үшін тиісті жағдайлар жасалған.
Енді аналық құқығынан айырылған балардың анасына (Тихонова Т.В.) келсек, 2017 жылдың желтоқсанында ол расында да полиция қызметкерлерімен В.А.Сенченконың үйіне (өзінің анасы) жеткізілген. Өйткені, ол сонда тіркелген және тұрақты тұратын жері жоқ.
2.Балалар алаңын ауыстыру мәселесі сіздің аулада тұратын тұрғындардың бірнеше мәрте білдірген өтініштері бойынша туындап отыр.
Аталған шешімді Көкшетау қаласының әкімі жеке өзі қабылдаған жоқ. Балалардың ойын және спорт алаңдарының орналасатын жері қалалық мәслихат депутаттарымен келісіледі.

Вера Жузанова, Көкшетау қаласы.
Сұрақ: Сәлеметсіз бе? Орталықтандырылған газ автогородокқа қашан келеді? Біздің үйде 70 пәтер – 70 газ баллоны. Оттың ортасында отырмыз.
Жауап: Бүгінгі күнге дейін автогородоктың бірқатар үйлері орталықтандырылған газбен қамтамасыз етілген.
Юбилейный және Боровской шағын аудандарында орталықтандырылған газбен жабдықтауға 22 көпқабатты тұрғын үй қосылған (1352 пәтер).
ГРУ-ді қайта қалпына келтіру кезең-кезеңмен жүргізіледі. Өйткені, ол айтарлықтай қаржыны қажет етеді.
Бұл жұмыс «Газ Қызмет», «ЭРСУ Газ Строй Сервис», «Көкшетау Транс Газ» ЖШС жеке компанияларымен жүргізілуде. Өкінішке орай, сіз өзіңіз тұратын үйдің нөмірін көрсетпепсіз. Сондықтан, онда қашан орталықтандырылатын газ болатындығын нақты атап көрсету мүмкін емес.

Андрей Рыманов, Садовый ауылы, Зеренді ауданы
Сұрақ: Құрметті Мәлік Кеңесбайұлы! Зеренді ауданының Садовый ауылын дамыту жөнінде бірнеше сауалым бар. Жайлы орында тұрғаны (облыс орталығынан 10 шақырым), жанымызда Шағалалы су қоймасы бар екені, таза ауасы, кіретін жолдардың ыңғайлылығы, бәрі өте жақсы. Келешектегі Көкшетаудың Рублевкасы деуімізге болады. Мен өзім Көкшетауға осыдан 6 жыл бұрын көшіп келдім. Бұған бір күн де өкінбеймін. Енді билік жедел қимылдаса шешуге болатын төмендегі проблемалар туралы.
1.Судың көзінде тұрған ауылда ауыз су жоқ.
2.Негізгі магистральдан ауылға дейінгі 1,5 шақырым жол адам көргісіз.
3.Ауылда шаштараз, монша, пошта, банкомат, қарапайым демалыс орталығы сияқты әлеуметтік нысандардың бірде-біреуі жоқ. Өзім спорт саласында көп жыл жұмыс істеген адаммын. Кешенді спорттық-демалыс алаңының құрылысын жүргізуге дайынмын. Жергілікті биліктен жер сұрап едім, бәрін әдеттегідей күрделендіріп жіберді.
4.Сүт зауытының жарнамасы ашу туғызады. «Сүт экологиялық таза ауданнан». Зауыттың жанында тұрамын. Қандай отынмен жағылатыны белгісіз қазандығымен айналаның бәрін бүлдіріп болды.
5.Қоқысты шығару және қатты тұрмыстық қалдықтарды салатын контейнерлер орнату мәселесі шешілетін емес.
6.Ауылға газ тартыла ма және қашан?
Сұрақты көп қойып жатқаныма кешірім сұраймын. Ауылдың келешегі зор. Тек өз қызмет бабы бойынша жоғарыдағы мәселелермен айналысуға міндетті адамдар ширақ қимылдаса дейсің.
Жауап: 2017 жылы Садовый ауылына су құбыры желілерін тарту жөнінде жасалған жоба түзетуден өткізілуде, үстіміздегі жылдың шілде айында ол жөнінде салалық министрлікке өтінім береміз.
Негізі магистральдан ауылға дейінгі жол учаскесін жөндеу биылғы жылға жоспарланып отыр.
Кешенді спорттық-демалыс орталығын салу жөніндегі Сіздің бастамаңыз менің ойымша әрқашан қолдау табуы керек. Осыған байланысты Зеренді ауданының әкімі М.Қ.Мұстафинге аталған мәселені шешу тапсырылды.
«Milk project» ЖШС қазандығы қатты отынмен жағылады. Көмір Шұбаркөл кен орнынан «Косыгина Т.Н.» жеке кәсіпкерінен сатып алынған. Пешке басқа материалдар қолданылмайды. Қазандықта жағылған газдар екі баспалдақты тазартудан өткізіледі.
Кәсіпорын басшылығы ауылды тәртіпке келтіру мен абаттандыру жөнінен қосымша шаралар қолдану тұрғысында тұрғындардың өтініш-тілектерін қарауға дайын.
Қатты тұрмыстық қалдықтарға контейнерлер қою және қоқыстарды шығару мәселесіне келсек, ауылдық елді мекендерде қоқысты шығару шаруашылық субъектілерінің есебінен немесе тұрғындардың өз күшімен жүзеге асырылады. Сондай-ақ, бұл жұмысты елді мекендерді санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру жөніндегі көктемгі-күзгі айлықтардың шеңберінде ауылдық округ әкімдіктері ұйымдастырады.
Облыстың елді мекендеріне газ тарту «Сарыарқа» Астана-Көкшетау газ құбыры құрылысының екінші кезеңі іске асырылғаннан кейін жүргізілетін болады.

Михаил Шейкин, Степногорск қаласы.
Сұрақ: Құрметті Мәлік Кеңесбайұлы! Степногорск қаласында тұрамын және өзімнің тарихи Отаным – Бұланды ауданының Журавлевка селосына жиі барып тұрамын. Степногорскіден Журавлевкаға дейін ең тиімді жол Ақкөл қаласы, одан әрі Ақкөл орман шаруашылығы арқылы және Макинск-Астраханка тас жолының қиылысына дейінгі жол. Соңғы 5-6 жылда мен туған ауылыма Макинск қаласы арқылы, әрі қарай Астраханка трассасымен баратын болдым. Өйткені, Ақкөл, әрі қарай орман шаруашылығы арқылы жүретін жолды жол деп айту қиын. Ақкөл орман шаруашылығы -Акимовка учаскесіндегі жол жамылғысы өте нашар жағдайда. Орман шаруашылығына және Малоалександровка ауылына дейінгі жолда асфальт азырақ байқалса, Малоалександровка-Акимовка-қиылыс бағытындағы Астраханка трассасына тірелетін жол ешқашан асфальт дегенді білген емес. Бұрын бұл жол Журавлевка ауылындағы ДЭУ-тің қарамағында болып, қиыршық тас төселіп, тегістеліп отыратын. Жеңіл автокөліктер онымен жақсы қатынап тұрушы еді. Қазір бұл жолда толған шұңқыр, жаңбыр жауса езіліп кетеді, жүк автокөліктерінің өзі жүруден қорқады. Құрметті Мәлік Кеңесбайұлы! Сізден Малоалександровка-Акимовка-қиылыс жол учаскесіне өте-мөте көңіл бөлуіңізді сұраймын.
Рас, бұл жолмен Астраханка трассасындағыдай халық көп жүрмейтін болар, бірақ, онда да Сізден көмек күтетін адамдар тұрады. Рахмет.
Жауап: «Новый Колутон-Ақкөл-Азат-Минский» автокөлік жолы (Ақкөл қаласы-Акимовка-Малоалександровка-Журавлевка учаскесі) облыстық маңыздағы автокөлік жолы болып табылады.
«Новый Колутон-Журавлевка-Ақкөл автокөлік жолына орташа жөндеу жүргізудің» жобалық-сметалық құжаттамасы 2010 жылы жасалған. Жобаның сметалық құны 407,3 миллион теңге, жолдың ұзындығы 20,2 шақырым.
Қазіргі уақытта бұл құжаттың қолданылу мерзімі өтіп кетті, осыған байланысты оған кейін бюджеттік өтінімді салалық министрлікке жіберу үшін жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы түзетулер енгізетін болады.

Сізбен Степногорск қаласы Ақсу кентінің тұрғыны,
1956 жылы туған Амангелді Дайырұлы Мәжитов хабарласып тұр.
Сұрақ: Ақсу кентінің экологиялық жағдайын жақсартуға көмектесуіңізді сұраймын. Кентте 1998 жылдан бері ауыз судың жоқтығы өз алдына бір мәселе. Екінші мәселе, кентті солтүстіктен, солтүстік батыстан және шығыс жағынан қоршап тұрған үш қалдық қоймасына байланысты. Желді күндері кент үстін шаң басып кетеді. Жай шаң емес, алтын өндіретін фабрика мен гидро-металлургия комбинаттың құрамында цианид, мышьяк, қорғасын, күкірт және басқа да химиялық заттардың шаңы. Сондықтан, қалдық қоймаларының маңын тиянақтап тазалап, реттеу қажет.
Жауап: Жобалау және санитариялық қорғау аумағының көлемі туралы талап «Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» (ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 2015 ж. 20.03 күнгі №237 бұйрығымен бекітілген) тәртіпке орай бекітілген.
Қалдық қоймасы аумағындағы ауа тазалығы жөніндегі мониторингті «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы Степногорск қаласындағы 1 мөлтек ауданының 96 үйінде орналасқан ПНЗ-1 бақылау пункті арқылы жүргізеді.
2017 жылдан күні бүгінге дейін аталмыш пунктте ауаның өте ластануы туралы дерек тіркелген жоқ.
Кәсіпорындардың қызметінен пайда болатын шаңды сейілту үшін арнайы техникалар жұмыс істеген кезде жоғары қабаттың бүлінгенін қалпына келтіріп, автомобиль жолдарының үстіне су себіліп, төңірегінде тұрақты түрде абаттандыру жұмыстары жүргізілуі керек. Жолдардың шаңын сумен басу жұмысы арнайы көліктермен атқарылады. Су шашу мерзімі – 6 ай.
Қалдық қоймалары жер қойнауын пайдалану аяқталған соң бірден жойылады.

Бәтен Смағұлқызы Ажжанова,
Ақкөл ауданы Барап ауылы, зейнеткер.
Сұрақ: Мәселе Көкшетау-Ерейментау бағытында жүретін электропойызға байланысты. Демалыс күндері пойыздың іші лық толады. Студенттер тамбурда түрегеп тұрады. Осы күндері қатынасты екі есе көбейтуге бола ма?
Жауап: Бұл мәселені шешу үшін «Қазақстан темір жолы» жолау-шылар тасымалдау ұлттық компаниясы» АҚ-ына хат жолданды. Мәселені демалыс күндері электропойызға қосымша вагондар тіркеу арқылы шешу жоспарлануда.

Ирина Феодоровна Хлыстова, Ақкөл ауданы.
Сұрақ: Киров көшесіндегі (16 үй) тұрғын үйлерді сумен қамтамасыз етуге қатысты.
Жауап: Ақкөл қаласындағы су құбырлары жүйесін жаңғыртудың үшінші жобасына енгізілмей қалған тұрғын үйлерді сумен қамтамасыз ету мәселесі келесі жылы аудандық бюджеттің есебінен шешіледі. Жобаның төртінші кезектегі жобалау-сметалық құжаттары жоспарлануда. Жобаға Киров көшесі де енгізілген.

Иван Балашов, Аршалы ауданы.
Сұрақ: Сізге Аршалы №2 мектебі оқушыларының ата-аналары мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты үлкен өтініш айтады. Бұрынғы облыс әкімі С.В.Кулагин біздің мектепте болып, жағдайын көріп, жедел жөндеу жұмыстарын жүргізу керектігі туралы шешім қабылдаған. Жобалау-сметалық құжаттарын дайындауды аудандық әкімдікке тапсырған. С.В.Кулагин мырза облыстық бюджеттен жөндеу жұмыстарына қажетті ақша бөлуге уәде берген. 2016 жылы демеушілердің көмегімен жобалау-сметалық құжаттары дайындалды. Әйтсе де, 2017 жылы жөндеу жұмыстарына қаражат бөлінген жоқ. Аудан әкімінің жұртшылықпен кездесуі кезінде үстіміздегі жылы мектептің жөндеу жұмыстарын қаржыландыруға байланысты мәселе көтерілді. Біз бұл мәселенің шешімін табуға тек сіз ғана көмектесе алады деп отырмыз.
Жауап: 2017 жылы мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізудің жобалау-сметалық құжаты дайындалды. 292 миллион теңге облыстық бюджеттен бөлінеді.
Күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы бөлу мәселесі 2018 жылы облыстық бюджетті нақтылаған кезде бюджет комиссиясының кезекті отырысында қаралатын болады.

Иван Балашов, Аршалы ауданы.
Сұрақ: Сізге Аршалы кентінің тұрғындары хабарласуда. Қиыршық тас зауыттарының үлкен жүк машиналары біздің кентті басып өтіп, шаңдатып кетеді. 40-60 тонналық ауыр жүк көліктері Астана қаласына және басқа өңірлерге бет алады. Кенттің шығыс жағында орналасқан жиырмаға жуық карьер бар. Өткен жылы қою шаң кенттің оңтүстік жағынан басса, «Астана-Қарағанды» автобанына байланысты қазір шаң батыс жақ беттен де бұрқырап тұр. Аудан әкімі зират жақтағы жол арқылы кенттің көшедегі жол жүйесімен жүруіне рұқсат берген. Өткен жылы балалар осы шаңның кесірінен аулаға шығып, ойнай алмады. Ал, биылғы жылы мектепке, орталық паркке бару мүмкіндігі жоқ. Ауыр жүк көліктері орталық көшелердегі жаяу жүргіншілердің жолын басып өтетіндіктен, балалар жол жиегімен жүруге мәжбүр. Бұл жай қауіпсіз де емес. Қазір кент тұрғындары көктем-жаз маусымында балаларының қамын ойлап, алаңдайды. Аудан әкімінің есепті баяндамасында кенттің оңтүстік бағытынан жеке тұрғын үй құрылысына 200 жер телімін бергені туралы хабарланды. Бірақ, көлік қозғалысының өзгеруі туралы айтылған жоқ. Біз аудан әкімінің кент тұрғындарымен осы мәселені шешуге байланысты жиын өткізуін қалаймыз.
Жауап: Елді мекендердің санитарлық жағдайы, автокөліктердің қозғалысы, рұқсат етілгені немесе шектелгені туралы жол белгілерін қойып, ішкі істер органдарының жол-патрульдік қызметімен бақыланып, жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың шешім, қаулыларымен реттеледі.
Сіздер көтеріп отырған мәселе бақылауға алынды. Ақмола облысы бойынша экология департаменті бұл мәселені зерттеп, қорытынды шығарады. Аудан әкімі А.А.Тайжановқа таяу арада кент тұрғындарымен осы мәселеге байланысты жиын өткізу туралы тапсырма берілді.

Валерий Габченко, Бурабай ауданы Қатаркөл селосы.
Сұрақ: Ақмола облыстық энергетика басқармасы Көкшетау қаласында көмір жағылатын ЖЭО-ның құрылысы мен жобалау жұмыстарына конкурс жариялаған болатын. Электр, жылу қуатын өндіру қуатының мөлшеріне сәйкес жылына бір миллион тоннаға жуық көмір жағылуы керек. Орталық ауаны ластайтын газдың өте көп мөлшерін және 500 мың тоннаға жуық күл шығаратын болады. Қазірдің өзінде қолайсыз ауа райында жоғарыда айтылған жобадан 3-4 есе аз көмір жағатын РК-2 қазандығының түтініне қала тұншығып тұр. Көкшетау қаласын курортты қалаға айналдыруды межелеген облыс басшылығы Бурабай мен Зерендінің ғажайып табиғатына келтірілетін зиянды ескере отырып, қоршаған ортаға көп залал келтіретін көмірмен жағылатын ЖЭО-ның құрылысы көңілге қонбайтынын айтқымыз келеді. Осының барлығы «Сарыарқа» газ құбыры магистралінің құрылысын жоспарлап, табиғи газды пайдалану технологиясы енгізіліп жатқан кезде қолға алынбақшы. Қазақстан Жасыл технология жүйесін қолданысқа енгізіп, дамытуға талпынып жатқан шақта бұл мәселе қалай шешіледі екен? Осы айтылған ойға байланысты Сізден түсіндіріп беруді өтінеміз.
Жауап: Сіздің қаланың экологиялық жағдайына жаныңыз ашып отырғанын түсінемін. Көкшетау қаласындағы ЖЭО құрылысы техникалық-экономикалық қамту талаптарына, Еуропа стандарттарына сәйкес экологиялық көрсеткіштерге сай Қазақстан Республикасының бұл стандарттарға талабы да күшті.
ЖЭО болжам есептері еуропалық стандарттарға сәйкес 30 мг/нмз құрайды. Ал, Қазақстан бойынша бұл көрсеткіш 500 мг/нмз. Эмиссия SO2 бойынша 200 мг/нмз тең. Қазақстан стандарттары – 780 мг/нмз.
Осылайша ЖЭО-ның құрылысы ауаны ластаудың көлемін айтарлықтай азайтатын болады. Оның үстіне таяудағы уақытта РК-1 қазандығын сұйық отыннан газға көшіру жоспарланып отыр. Ол да ауаны ластайтын зиянды заттардың көлемін азайтатын болады.

Шортанды ауданы Шортанды кентінің тұрғыны.
Сұрақ: Қайырлы күн! Біздің Шортанды ауданының әкімдігі Дамса кентіндегі орта мектептің мәселесін шеше алмай отыр. Мектеп өте суық, сабақтарды үнемі 30 минутқа дейін қысқартады.
Жауап: Осы өтініш негізінде ақпан айының басында қоғамдық денсаулық қорғау аймақтық департаменті мектептің жылуын тексерді. Тексеріс нәтижесіне сәйкес мектеп ғимаратында жылу қалыпты емес екендігі анықталды. Спорт залында жылу радиаторларының аздығына, екінші қабаттағы үш кабинеттің астындағы жылытылмайтын қоймаға байланысты жылу 16 градус-ты құрап отыр.
Бұл мәселені шешу Шортанды аудандық әкімдігіне тапсырылды. Қоймаларға жылу жүйесі тартылып, спорт залындағы жылу радиаторларының саны көбейтілетін болады.

«Ақмол ақпарат» газетінің редакциясы,
Б.Кармышев, В.Березин, Целиноград ауданы.
Сұрақ: 1. 2017 жылы республикалық жаңа автомобиль жолы құрылысы басталғаннан кейін Сілеті өзенінің (Ерейментау, Целиноград аудандарының аумағында) байырғы атауы жолшылардың кінәсінен өзгеріске ұшырады. Аталған автомобиль жолының төрт учаскесінде «Селеты» деп қате жазылып тұр. Шамасы мемлекеттік тапсырысты орындаған біреу «селедканы» есіне алып, ежелгі қазақ өзенінің тарихи атауын жазу кезінде қателескен болар. Мұндай өрескел қателік әрі Астанадан небары 60-70 шақырым жерде жіберілуге болмайды. Біз сіздің жедел әрекет ететіндігіңізден үміттенеміз. Рахмет!
2. 2010 жылы Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің барлық құрамы Ерейментау ауданында орман өртін сөндірумен айналысты. Әйтсе де, астаналық облыстың көркем мүйісіндегі көп орманды өрт жалмады. Ерейментаудағы орман шаруашылығының басшылығы жауапкершілікке тартылған жоқ. Қайта керісінше, қызмет бойынша өсіп кетті. Біздің Президентіміз Астанаға қоныс аударған алғашқы күннен бастап Астананың және іргелес аймақтардың орманына айрықша назар аударып отыр. Екінші рет мұндай «отты қасірет» қайталанбас үшін әр жыл сайын орман-тоғайлардың маңайы жыртылып, табиғи байлығымыз көздің қарашығындай қорғалуы керек. Өкінішке орай, аймақтың орманшылары тарапынан мұндай қамқорлықты көре алмай отырмыз. Біз сізден мәселеге жауапты адамдарды облыстық, аудандық әкімдіктердің арнайы отырыстарында, қоғамдық кеңестерде тыңдауды сұраймыз.
3. 2017 жылы Ақмол аудан орталығы мен Нұресіл округі арасында жазғы маусымда ескі автогрейдерге асфальт жамылғы жабу жұмыстары басталды. Әйтсе де, басталған іс соңына дейін жеткізілген жоқ. Әлі де 14 шақырым жол қалды. Целиноград ауданының батыс, шығыс және солтүстік аймақтарының тұрғындары үшін бұл төте және қауіпсіз жол болып есептеледі. Уақытқа ұтымды, кептелістерден ада. Сізден Астана жанындағы ауданның барлық тұрғындарына қатысты осы мәселені 2018 жылдың жазында шешіп беруіңізді өтінеміз. Біз Сізге сенеміз!
Жауап: 1. Қазіргі уақытта «Қазавтожол» ҰҚ» АҚ-ына бағдарлау белгілерін жасауға тапсырыс берілді. Белгілер қазақша әріп емлелеріне сәйкес жазылатын болады. Таяуда орнатылады.
2. Иә, шынында да 2010 жылы Ерейментау аймағында орман шаруашылығы мекемесінің аумағында жалпы көлемі 5,9 гектар алқапта 3 орман өрті, оның ішінде 5,9 гектар орманды алқап пен 2 гектар орманды өрт шарпу оқиғалары орын алды. Орманды қалпына келтіру мақсатында 2010-2017 жылдар аралығында 172 гектар аумаққа ағаш көшеттері отырғызылды. Облыс әкімінің орынбасары А.С.Үйсімбаевқа сіз көтеріп отырған мәселе бойынша 2018 жылдың наурыз айының үшінші онкүндігіне белгіленген «2017 жылдың өрт қаупі көп кезеңдегі жұмыс қорытындысы және 2018 жылдың өрт қаупі көп кезеңіне дайындық міндеттері туралы» облыстық орман шаруашылығы мекемелері басшыларымен өткізілетін кеңесте қарау туралы тапсырма берілді.
3. 2017 жылы облыстық бюджеттің есебінен «Ақмол-Воздвиженка-Талапкер» бағытындағы облыстық маңыздағы автомобиль жол учаскесіне орта жөндеу жұмыстарын жүргізу басталды. Бес шақырым жол жөнделіп, 194 миллион теңге игерілді. 2018 жылы облыстық бюджеттен 264,1 миллион теңге қаржы бөлініп, 7 шақырым жолды жөндеу көзделіп отыр.
Жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін салалық министрлікке бюджеттік өтінім бағытталды (18 шақырымды құрайтын жобаның жалпы құны 685,3 миллион теңге).

Нұрлан Жүнісов, Целиноград ауданы Талапкер селосы.
Сұрақ: Қайырлы күн! Менің атым Нұрлан. Мен Целиноград ауданындағы Талапкер селосының тұрғынымын. Өткен жылы менің үйімнің жанына ұялы байланыстың құрылғысын орнатты. Тапсырыс беруші Целиноград ауданының әкімдігі екендігі белгілі болып отыр. Дегенмен, құрылғыны орнату кезінде бекітілген санитарлық нормалардың бұзылатындығы ескерілмеген. Біз көршілерімізбен бірге әкімдікке санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны көрсету жөнінде өтініш айттық. Әйтсе де әлі күнге көре алмай отырмыз. Әкімдік қызметкерлері көңіл аудару үшін не істеу керек? Мен әрине, олардың жұмысы көп екенін білемін. Мен шыдамдымын. Қанша уақыт болса да тоса аламын. Үш айдан астам уақыт өтті, әлі жауап берілген жоқ. Құрылғы қазіргі күні іске қосылуға дайын. Таяу арада қосуды жоспарлап отыр. Мен аудан әкіміне кіріп, әңгімелесіп, бұл жайға көңіл аударуын сұрадым. Олар уәделерін берді. Біз енді не істеп, кімге өтініш айтуымыз керек?
Жауап: Сіздің өтінішіңізге орай құрамында аудандық сәулет және жер қатынастары бөлімдерінің өкілдері бар жұмыс тобы құрылды. Ол топта Талапкер селолық округі әкімдігі мен мердігерлердің өкілдері де бар. Жұмыс тобы құрылғы орналастырылып жатқан жерде болып, оның ешқандай қауіп-қатері жоқ екенін анықтады. Қауіпті құрылғыға орнатылған ретранслятор ғана туғызуы мүмкін. Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің талаптарына сәйкес ретранслятор орнату тек қана оң сипаттағы санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алынғаннан кейін жүзеге асырылады. Нормаға сәйкес келмесе орнатылмайды.

Сенім телефоны арқылы түскен сұрақтар

Ермек Ермашұлы Мирамқұлов, Көкшетау қаласы, Центральный шағын ауданы, 43/24, тел:. 42-42-51, зейнеткер.
Сұрақ: Тұрғын үйлерді ыстық сумен қамтамасыз ету туралы (жертөледе бойлер арнатылған, бірақ, жұмыс істемейді).
Жауап: Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 2-бабының 24 тармағына сәйкес жертөледе орнатылған бойлер сіздердің көп пәтерлі тұрғын үйлеріңіздің ортақ мүлкі болып табылады. Осы Заңның 35-бабына сәйкес пәтер иелері ортақ мүліктің және жертөленің сақталуына және қауіпсіз пайдалануына жауапты. Көп қабатты тұрғын үйдің иелерімен жөндеу жұмысына қажетті қаржы жинау туралы жиын өткізілді. Бірақ, шешім қабылданған жоқ. Қалада тұрғын үй иелері өз үйлерінде жөндеу жұмыстарын жүргізгені туралы жақсы мысалдар аз емес. (Боровской ш/а 68, Юбилейный ш/а 41, Әуелбеков көшесі, 66, Жеңіс көшесі, 33, Железнодорожная көшесі, 94, Әуезов көшесі, 178).

Балкен Рәшитқызы Мәлікова, Көкшетау қаласындағы Абай көшесі, 78 үйдің тұрғындарының атынан.
Сұрақ: Үйлерді газбен қамту мәселесі қашан шешіледі?
Жауап: Көкшетау қалалық әкімдігі Әділет органдарына сіздердің үйлеріңіздің ауласындағы резервуар құрылғысын иесіз деп тану туралы сұрау жолдады. Заңды иелік құжаттары қалпына келтірілгеннен кейін газ бөлу құрылғысы Көкшетау қаласының коммуналдық меншігіне беріледі. Одан соң («Көкшетаутрансгаз», «Газ қызмет» немесе «ЭРСУ Газстройсервис») компанияларының біріне сенімді басқаруға беріліп, одан әрі газ бөлу құрылғыларын қалпына келтірудің жобалау-сметалық құжаттары дайындалады.

Көкшетау қаласы Краснояр селосының тұрғындары.
Сұрақ: Краснояр селосындағы емхана қайта құрылған соң дәріхана жекеменшікке берілді. Ол өзінің коммерциялық мүддесін көздеп жұмыс істейді. Бұл бізді қанағаттандырмайды. Емхананың жанында дәріхана болуы керектігі белгілі. Сізден осы мәселені шешіп беруді сұраймыз.
Жауап: Облыстық денсаулық сақтау басқармасына бір айдың ішінде көтеріліп отырған мәселенің мәнін зерттеп, емхананың жанынан дәріхана ашу мүмкіндігін қарастыру туралы тапсырма берілді.

Алмагүл Айдашқызы Мұқашева,
Көкшетау қаласы.
Сұрақ: Бірлік шағын ауданын көгалдандыру мәселесі қашан шешіледі? Біз бұл сұрақты 2016 жылы көтерген болатынбыз. 2017 жылы мәселенің шешілетіні туралы уәде берілген, бірақ, ештеңе істелген жоқ.
Жауап: 2017 жылы Бірлік шағын ауданындағы Дружба көшесінің бойындағы жолдың 650 метріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді (қиыршық тас төселіп, тегістелді) №22 мектеп аумағында спорт алаңы абаттандырылды (футбол алаңына жасанды жамылғы жамылды). 2018 жылы шағын ауданның абаттандыру жұмыстары жалғастырылатын болады.

Владимир Александрович Балашов,
Аршалы ауданы Аршалы кенті, Промышленная көшесі, 11,
1 пәтер. Тел:. 87013486840, зейнеткер,
бұрынғы жол бойы жұмысшысы.
Сұрақ: Аршалының кіреберісіндегі жолмен 40-60 тонналық жүк көліктері қиыршық тас тасиды. Егер осылай жалғаса берсе, көктемде бүтін жол қалмайды. Бұл облыстық маңыздағы жол. Бұларға кім рұқсат беріп отыр?
Жауап: Аршалы кентінде 2008 жылы «Аркада Индастри» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржысына салынған қиыршық тас зауыттарынан шығатын өнімді тасымалдайтын жүк көліктері кенттегі жалғыз жол арқылы өтеді. Осы жол арқылы бір жарым шақырым жердегі «Астана-Қарағанды» бағытындағы автомагистральмен түйіседі. Автобанды пайдалануға беру алдында бұрынғы шығаберіс жол құрылыс жұмыстарына байланысты жабық.
Жергілікті атқарушы органдар «Аркада Индастри» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірлесе отырып, жол қозғалысы кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау үшін үстіміздегі жылдың көктемінде серіктестіктің жеке қаржысына қосалқы жол салмақ.

Мұрат Қалжанұлы Здуалиев, Бурабай ауданы,
Щучинск қаласы, Профессиональная көшесі, 13-үй, 41-пәтер, тел: 87756809303.
Сұрақ: Қызым 11-сыныпты бітіреді. Астана қаласындағы медициналық университетке түскісі келеді. Облыс әкімінің грантын алу үшін не істеу қажет?
Жауап: Облыс әкімінің шәкіртақысын Ақмола облысының тұрғыны саналатын, оқу үлгерімі жақсы және озат, медициналық жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқитын әлеуметтік жағдайы аз қамтылған тұрғындар қатарындағы студенттер болып есептелетін азамат алуы мүмкін. Егер сіздің қызыңыз берілген талаптарға сай болса, онда медициналық жоғары оқу орнына оқуға түскеннен кейін Ақмола облысының жастар мәселелері жөніндегі арнайы комиссиямен қарастырылуы үшін құжаттарын тапсыруға құқылы.

Алпысбай Тоқпайұлы Байғабылов,
Целиноград ауданы, Р.Қошқарбай селосы, Механизаторлар к., 2-пәтер, тел: 5195380;
Сұрақ: 1. Қошқарбай ауылының ауруханасы жабылып қалды;
2. Дәріхана жоқ;
3. Жедел жәрдем көлігі жоқ;
4. Ауылдағы ауыз су мәселесі;
5. Село округі әкімдері жиі ауысып жатады.
Жауап: ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылдың 28 сәуіріндегі №284 «Денсаулық сақтау мекемелері желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, аурухана тек аудан және облыс орталықтарында ғана болуы қарастырылған. Қошқарбай ауылында фельдшерлік пункт жұмыс істейді. Оның жалға алынған ғимаратта орналасуына байланысты жеке ғимарат салу мәселесі қарастырылуда. ФАП-та дәрі-дәрмек сатылатын дәріхана пункті бар.
Дәрігерлік көмек алу үшін сондай-ақ, Қабанбай батыр ауылындағы 3 дәрігер, жалпы ауқымы 16 медициналық қызметкер жұмыс істейтін дәрігерлік амбулаторияға барып көрінуге болады. Дәрігерлік амбулатория санитарлық көлікпен қамтылған.
Сумен қамту жайына келетін болсақ, 2017 жылы облыстық бюджет қаржысы есебінен 53 шақырымдық су желісі таратқышының құрылысы басталды. Биылғы жылы жобаны аяқтау үшін 403 миллион теңге қарастырылып отыр.
Ауыл әкімінің жиі ауысатындығы жайына келсек, 2013 жылдың тамызынан бергі уақытта 2 әкім ауысты. 2015 жылы ауыл әкімі Бүркітбай Шахарбаев қызметінен өз арызы бойынша босатылды. Биылғы жылдың ақпанында Талғат Мұқашев Астрахан ауданы әкімінің орынбасары болып ауысуына байланысты ауыл әкімдігінен босатылды.

Сергей Леонтьевич Нижников,
Көкшетау қ., Краснояр с, Мир к., 22/27, тел: 87052984744, «К-СтройАқжолҚұрылыс» ЖШС-і жүргізушісі.
Сұрақ: Краснояр селосының Мир көшесіндегі ауған кентінде электр жарығы жоқ, жол жоқ, қоғамдық көлік келмейді. Бізге бұл мәселені 3 жыл бойы шешеміз деп келеді. Осы мәселелер қашан шешімін табады?
Жауап: Биылғы жылы Мир көшесіне ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарланған. Қазіргі күні көшені жарықтандыруға байланыс-ты жобалық-сметалық құжаттар дайындалуда, оған Краснояр селосының Мир көшесі де кіреді. Осы жұмыстарға 91 миллион теңге қарастырылмақ. Жобаны жүзеге асыру үшін қажетті қаржыны бөлу мәселесі 2019 жылдың бюджетін қарау кезінде шешіледі.

Гүлнәр Бабырқызы Қабзалелова, Көкшетау қаласы.
Сұрақ: Көкшетау қаласының орталық базарын ретке келтіру мәселесі бойынша өтінішім бар. Жаз айларында саяжайшыларға арнайы орын бөлінсе.
Жауап: Өз бетінше ашылған сауда алаңдарын жою және сатушыларды стационарлық нысандарға орнықтыруға байланысты 2017 жылы орталық базар аумағынан 2 сауда үйі салынды («Армада» және «Алтын орда»).
Биылғы жылы «Орталық базар» АҚ 400 миллион теңге көлеміндегі өз қаржысы есебінен жабық рынокты жаңғырту жұмыстарын жүргізеді. Онда ішінара жөндеу жасалып, келушілерге жайлы қызмет ету деңгейін көтеру, сонымен бірге, жаз айларында саяжайшыларға арналған орын қарастырылмақ. Бұл жұмыстар биылғы жылдың 1-ші тоқсанында жүзеге асырылу жоспарланған. Сонымен бірге, көтерме-тарату орны құрылысы да жоспарлануда.

Күлдерай Қайратқызы Қабдуллина, Көкшетау қ., Сайн к., 30, 14-ші пәтер, тел: 87081795323.
Сұрақ: Біз жас отбасымыз, үш баламыз бар, мемлекеттік бағдарламаға ілінбейміз, өйткені, табыс деңгейіміз төмен. Тұрғын үй жағдайын қалай жақсартамыз?
Жауап: ҚР «Тұрғын үй қатынасы туралы» заңының 67 бабының 1 тармағына сай, коммуналдық тұрғын үй қорына кіретін немесе жергілікті орган жалға алған тұрғын үй кезекте тұрған адамдарға кезек тәртібімен беріледі:
1. Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне, жетім балаларға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға;
2. Әлеуметтік әлжуаз топтарға (Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне теңестірілгендерге, бірқатар ауыр созылмалы дертпен ауыратындарға, жасы жеткен зейнеткерлерге, оралмандарға, экология апатына сай баспаналарынан айырылғандарға, көпбалалы отбасыларына, мемлекеттік қызмет барысында қаза тапқандардың отбастарына, толық емес отбасыларына);
3. Мемлекеттік мекемеде істейтін қызметкерлерге, әскери қызметшілерге, арнайы мемлекеттік органдарда істейтіндерге және сайланбалы органдарда қызмет ететіндерге;
4. Жалғыз баспаналары апатты деп танылған азаматтарға заңда көрсетілген тәртіппен беріледі.
Тұрғын үй азаматтарға кезекке тұрған уақыты бойынша кезек тәртібімен беріледі. Егер сіз жоғарыда аталған категориялардың біріне жататын болсаңыз, онда тұрғылықты орныңыз бойынша «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясына, егер сандық қолтаңбаңыз болса, онда «электронды үкімет» веб-порталы бойынша www.egov.kz сайты арқылы кезекке тұра аласыз.
Сонымен бірге, сіздің 2020 жылға дейінгі аймақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде Тұрғын үй жинақ банкі арқылы депозит ашып, баспана мәселесін шешуіңізге мүмкіндігіңіз бар.

Көкшетау қаласының тұрғыны, Горький к., 3/3.
Сұрақ: Бір апта болды, үйде жылу жоқ. «Монолит» ПИК жылу берушілердің кінәсінен десе, олар кооперативті айыптайды. Жылу мәселесі қашан шешіледі?
Жауап: Сіздің сұрағыңыз бойынша 23 ақпанда тұрғын үй инспекциясы өкілдерімен «Көкшетау жылу» коммуналдық кәсіпорнына және «Монолит» ПИК-іне барып жағдаймен таныстық. Жылу беру құбырын ретке келтіру жұмыстары жүргізіліп, жылу беру қалпына келтірілді.

Владимир Алексеевич Дрожкин,
Көкшетау қ., Пушкин к., 68 үй, 6-пәтер, тел: 32-88-42.
Сұрақ: Неге Көкшетау қаласында қоғамдық көлікпен жүретін тыл ардагерлері ақы төлейді? Басқа қалаларда тыл ардагерлері тегін жүреді.

Александр Петрович Нартов,
Көкшетау қ., Капцевич к., 217, 89-пәтер, тел: 32-63-20.
Сұрақ: 43 жыл Алматыда тұрдым. Онда зейнеткерлерге жолақысы үшін жәрдемақы төленеді. Көкшетау қаласында неге тыл ардагерлері қоғамдық көлікте ақы төлеп жүреді?

Ольга Васильевна Зитева,
Көкшетау қ., Осипенко к., 27, 29-пәтер.
Сұрақ: Петропавл қаласында тыл ардагерлері қоғамдық көлікте тегін жүреді, ал, Көкшетауда неге ақылы?

Ирма Хрестьяновна Пугачева,
Көкшетау қ., Уәлиханов к., 162, 25-пәтер.
Сұрақ: Көкшетау қаласында тыл ардагерлері неге қоғамдық көлікте ақша төлеп жүреді?

Валентина Кузминична Усенко,
Көкшетау қ., Көктем шағын ауданы, 14, 44-пәтер.
Сұрақ: Көкшетау қаласында неге тыл ардагерлері ақы төлеп жүреді?
Жауап: Қазіргі күні «Көкшетау қаласының жолаушы тасымалы ассоциациясы» қоғамдық ұйымы өз қаржылары есебінен азаматтардың 13 категориясын тегін тасымалдайды:
-Ұлы Отан соғысы ардагерлері;
-ҰОС ардагерлерінің жесірлері;
-16 жасқа дейінгі бала жасынан мүгедектер;
-«Алтын алқа», «Күміс алқа» медалімен марапатталған көпбалалы аналар;
-Элита, Застанционный, Красное, Подхоз селоларында тұратын балалар;
-мүгедек интернационал-жауынгерлер;
-Чернобыль атом электр стансасы апатын жоюға қатысқан мүгедектер;
-Ленинград қоршауында қалғандар;
-Семей полигоны аумағында тұрған мүгедектер;
-Автокөлік транспортының еңбек сіңірген қызметкерлері, «Құрметті автокөлікші» құрмет белгісімен марапатталғандар;
-Көзіне байланысты 1-ші топтағы мүгедектер;
-Фашистік лагерьде болғандар.
Көкшетау қаласының әкімдігіне тыл еңбеккерлерін де жоғарыда аталған категорияға қосу туралы ұсыныс айтылды.

Раушан Сейітқазықызы Белгібаева,
Көкшетау қ., Шевченко к., 136, 3-пәтер, тел: 87712828824.
Сұрақ: Шевченко көшесіндегі 134, 136, 134 г үйлері аумағында қашан ішкі жолдар жөнделіп, жарықтандырылады?
Жауап: 2018 жылы Шевченко көшесінің жолына (Сәдуақасов көшесінен Горькийге дейін) ағымдағы жөндеу жүргізіледі. Сонымен бірге, Шевченко көшесіне (Куйбышев көшесінен Сәтпаевқа дейін) көшені жарықтандыратын бағаналар орнатылмақ.

Нұрмұханбет Тоқмағанбетұлы Тілеуімбет, ІІ топтағы мүгедек, Целиноград ауданы, Софиевка ауылы тұрғындарының атынан, тел: 87024021162.
Сұрақ: 1. Софиевка ауылында ауыл әкімі аппаратының үйін салып, онда халыққа қызмет көрсету орындарын орналастырса, осыған бюджеттен қаржы бөлінсе.
2. Ауылдың әкімшілік орталығында ескі қойма тұр. Ол пайдаланылмайды және орталықтың сыйқын бұзып тұр. Соны сырып тастап, орталықты абаттандыру мәселесін шешсе.
Жауап: 1. Софиевка ауылының әкімшілік ғимаратының құрылысын мақсатсыз деп санаймыз. Қазіргі күні Софиевка ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында халыққа қызмет көрсету үшін қазпошта, мал дәрігері және «электрондық үкімет» бұрышы орналастырылған. Ғимаратты жөндеу жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаржы бөлуге мәслихаттың қарауына өтінім берілді.
2. Софиевка ауылының орталығында тұрған қойма жекеменшікте. Әкімдіктен қойманы көрсетілген мақсат бойынша пайдалану туралы және тиісті аумақ бойынша абаттандыру жүргізу жөнінде хабарлама берілді.

vse_dlia_dam_syrymbet_kоkshe (инстаграм)
Сұрақ: Сәлеметсіздер ме. Біздің қаламызда қашан Қонаев атындағы көше болады?
Жауап: Көше атауын өзгерту үшін тұрғындардан жазбаша арыз түсуі керек, ол ономастика комиссиясында қаралады. Комиссия бұл мәселені оң шешіп, қолдаған жағдайда оны қарау үшін облыстық ономастика комиссиясына жолдайды. Одан әрі республикалық ономастика комиссиясына жіберіледі. Онда оң шешімін тапқан жағдайда облыстық мәслихат сессиясында қаралып, бекітіледі.

Aida197803 (инстаграм)
Сұрақ: 2017 жылы Қызылсуат кентінде кіре берісте қар тоқтатылды. 2018 жылы жолдың басқа бөлігінде қар тоқтатылу жүргізіле ме? Әуежай көшесіндегі 7-8 үй жыл сайын су астында қалады. Бұл жерге ешқандай көлік, оның ішінде жедел жәрдем, өрт сөндіргіш көліктер келе алмайды. Әкімдік көшені тегін тазартпайды. Осы көшеде тұратын 2-3 үй өз қаржыларына (7000 теңге бір сағаты үшін) көше тазартады. Басқалардың оған шамасы жоқ. Сондықтан, бюджетке көше тазарту үшін қажетті қаржы салу қарастырылса. Алдын ала алғысымды білдіремін.
Жауап: Биылғы жылы Қызылсуат селосының 5 шақырымдық көше жолдарын жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттандыру жасалмақшы. Жөндеу жұмыстары негізінен орталық көшелерге, оның ішінде Әуежай көшесі де бар, жасалады. Жөндеу жасалып біткен соң қар тоқтату жұмыстары да жүргізіледі.
Көше жолдарын тазартуды «Атамекен 2020» ЖШС жергілікті бюджет қаржысына жүргізеді. 2017-2018 жылы қардан тазарту жұмыстары коммуналдық қызметпен орталық көшелерге жүргізілуде, ал, екінші деңгейлі көшелер шаруашылық субъектілерінің көмегімен тазартылады.

Marat Sydykov (Facebook)
Сұрақ: Қосшы селосын абаттандыру бағытында қандай да бір жұмыстар атқарыла ма?
Жауап: Биылғы жылы Республика көшесін абаттандыру қолға алынбақшы. Жалпы, облыс бойынша көктемгі-күзі айлықтар шеңберінде аумақтарды тазарту, көгалдандыру бағытында жоспарлы жұмыстар жүргізілетін болады.

Marat Sydykov (Facebook)
Сұрақ: Қосшы селосын орталықтанған сумен жабдықтау бағытында қандай жұмыстар атқарылады?
Жауап: Қолданыстағы су желісінің жұмысын қалыпқа келтіру үшін 2016 жылы Нижнемарковкадан Қосшы селосына дейін су таратқыш құрылғы құрылысы басталған болатын. Ертеректе осы аумақтан 3 сусорғыш орнатылған еді. Бұл қазіргі күні Қосшы селосын тәулігіне 1100 текше метр сумен қамтамасыз етуге жағдай жасауда. Сутаратқыштың құрылысы 2018 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.

Marat Sydykov (Facebook)
Сұрақ: Қосшы селосында жекеменшік сектор орталықтанған сумен қашан қамтамасыз етіледі?
Жауап: Қосшы селосын сумен қамтамасыз ету жұмыстарын «Қосшы коммуналдық қызметі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі жүзеге асырады. Бүгінгі күні селода тұратын жекеменшік үйлердің 65 пайызы сумен қамтылған. Сумен қамту қуатының жетіспеушілігінен жекелеген тұрғындардың суға қолы жетпей отыр. Барлық орталықтанған сумен қамту құрылғыларын Нижнемарковкадан келетін су іске қосылғанша қосу суды ластандыруға ұшыратуы мүмкін. Аудан әкімдігімен 4 кезеңнен тұратын құны 1 миллиард теңгені құрайтын 19 шақырымдық канализация желісін салудың жобасы дайындалды. Қазір құрылыс басқармасы салалық министрлікке бюджет өтінімін дайындауда.

Marat Sydykov (Facebook)
Сұрақ: Қосшы селосының жекеменшік секторында қашан кең жолақты дұрыс интернет болады?
Жауап: Биылғы жылы «Қазақтелеком» АҚ облысымыздың 100-ден астам елді мекенін интернет желісіне қосуды жоспарлап отыр. Оның ішінде Қосшы селосы да бар.

Marat Sydykov (Facebook)
Сұрақ: Қосшы селосында қашан емхана болады?
Жауап: Қосшы селосының тұрғындарының саны жыл санап өсуіне орай жаңадан салынатын нысандар саны да өседі. Биылғы жылы алғашқы санитарлық-медициналық көмек көрсетуге арналған орталық құрылысының жобасын жасауға 20 миллион теңге бөлінді. Нысан 2019 жылы пайдалануға берілетін болады.

Marat Sydykov (Facebook)
Сұрақ: Қосшы селосында қашан мектеп болады?
Жауап: Бүгінгі күні 1200 орындық мектеп құрылысының жобасы дайындалып, 2018-2020 жылдарға арналған басымдық берілген жобалар қатарына енгізілді. Сондай-ақ, биылғы жылы облыстық бюджеттен 280 орындық балабақша құрылысын бастау үшін 25 миллион теңге және 280 орындық екінші балабақшаның жобалық- сметалық құжаттарын дайындауға 12 миллион теңге бөлінді. Сондай-ақ, оқушыларды тасымалдауға автобус сатып алынбақшы.

Marat Sydykov (Facebook)
Сұрақ: Қосшы кенті жедел жәрдемінің автопаркі ұлғаяды ма?
Жауап: Жалпы, ағымдағы жылы облыс бойынша автомобиль паркін жаңарту жоспарланған (30 көлік), соның ішінде Қосшы кентіне 2 көлік сатып алынады.

Marat Sydykov (Facebook)
Сұрақ: Қосшы кенті полициясының жеке құрамы көбейтіле ме?
Жауап: Қазіргі күні Целиноград аудандық ІІБ штатын ұлғайту және оған басқарма дәрежесін беру мәселесі ҚР Ішкі істер министрлігінде қарастырылуда.

Marat Sydykov (Facebook)
Сұрақ: Тайтөбедегі сібір жарасына шалдыққан малдарды көму алаңы қашан тәртіпке келтіріледі?
Жауап: ҚР АШМ ветеринария референттік орталығының, С.Сейфуллин атындағы Аграрлық университеттің, «ҚазНИВИ» ЖШС және «Қазгеодезия» ЖШС жұмысшы тобының қорытындысы бойынша Тайтөбедегі мал қорымы есеп кітапшасындағы – Кадастр деректердің толық емес географиялық координатына байланысты анықталмаған деп танылды. Мұның (сібір жарасы) нақты орналасу аймағын белгілеу бақылауға алынған.

Marat Sydykov (Facebook)
Сұрақ: Қаңғыбас иттерге қатысты мәселені шешуді сұраймыз, «Төрт түлік» компаниясының қызметі жеткіліксіз. Бізге Қосшы мәслихатының депутаты Сайра Айтенова иттерге арналған приют салып беруге уәде берген. Бұл қашан шешімін табады?
Жауап: Иттер мен мысықтарды күту мен серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстап, жою Ақмола облыстық мәслихатының шешімімен бекітілген.
Бұл шараларды атқару қалалар мен аудан әкімдіктерінің мемлекетттік ветеринариялық ұйымдарына жүктелген.
Қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстау, жою жеке және заңды тұлғалардың өтініші негізінде жүргізіледі.
Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен қаржы бөлінеді. 2017 жылы облыс бойынша 35 миллион теңге бөлінген, мұның 5,4 миллион теңгесі Целиноград ауданының үлесінде.
Қолданыстағы заңдылыққа сәйкес, приют жасақтауға бюджеттен қаржы бөлу қарастырылмаған. Бұл істі еріктілер жеке және демеушілік қаржыларды тарту арқылы атқаруына болады. Мұндай жағдайда біз ұйымдастыру шараларына көмек көрсетуге дайынбыз.

Marat Sydykov (Facebook)
Сұрақ: Қосшының жеке секторында қоқыс жәшіктері қашан қойылады?
Жауап: Қосшы кентіндегі тұрмыстық қатты қалдықтарды тұрғындардың, кәсіпорындар мен мекемелердің тапсырысы бойынша «Қосшы-Тазалық» ЖШС атқарады. Бұл өзара келісімшарт арқылы іске асырылады.
Бүгінгі күні Қосшы кентінде 180 еуроконтейнер, бөлектеп жинайтын 71 контейнер және жеке секторда 250 контейнер орнатылған. Ағымдағы жылы әртүрлі 590 контейнер қосымша қойылады.

Marat Sydykov (Facebook)
Сұрақ: Қосшының нақты қайсы көшелеріне асфальт төселеді?
Жауап: 2018 жылы «Астана қаласының маңындағы елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарына» сәйкес Қосшы кентінде 12,5 км. Жол құрылысының ЖСҚ түзіледі (Сейфуллин көшесінде – 2,5 км., Үбілеу хан – 3 км., Сейфуллин және Абылай хан көшелерінің аралығында – 1,5 км., Сүйінбай – 2,5 км., Алтын дала – 300 м., Ж.Жабаев – 1 және 2 «Лесная поляна» ТМ – 1,2 км. жолдар) және кентішілік орталық көшелердің км. күрделі жөндеуден өткізіледі. Аталған жобалар бойынша конкурстық шаралар өткізілуде.
Сондай-ақ, кентішілік көшелерді орташа жөндеудің ЖҚҚ да-йындалды (Қонаев көшесі – м., Тоғанас батыр – м., А.Байтұрсынов – 1,2 км., Ақан сері – 2 км., М.Ғабдуллин – 600 м., Азаттық – 600 м., Ә.Жанкелдин – 510 М., Нұра – 900 м., Ш.Уәлиханов – 1,7 км., Желтоқсан – 2 км., Ш.Айманов – 600 м., М.Шоқай – 1,5 км., Ескі азаттық – 650 м., Республика – 1 км.). Салалық министрлікке бюджеттік тапсырыс берілді.

Гүлдарай Кемелова (Facebook)
Сұрақ: Әкім мырза, Қосшы кентіндегі емхана мен жедел жәрдем қалай жұмыс істейтінінен хабардарсыз ба? Жедел жәрдем машинасының тежегіші істен шыққандықтан, жол-көлік оқиғасына ұшырағандарды алып кете алмағанын білесіз бе? Бізге қонаққа келіңіз, жағдайымызды өз көзіңізбен көресіз. Бізде өзекті мәселелер жиналып қалған. Бұрынғы әкім Кулагин мырза сөзбен алдаусыратып кетті. Сіз халықтың жағдайын ойлайды деп сенеміз.
Жауап: Биылғы жылдың басынан жедел медициналық көмек көрсету қызметі аудандық аурухананың ведомстволық бағынысынан шығып, тұрғындарға орталықтандырылған көмек көрсету мақсатында облыстық жедел көмек станциясының қарауына көшті. Қазіргі күні Қосшыда 2 санитарлық автокөлік қызмет етеді, тағы да 1 машина бөлінді.
Ағымдағы жылы облыс бойынша автомобиль паркін жаңарту жоспарланған (30 көлік), соның ішінде Қосшы кентіне 2 көлік сатып алынады.

Асқар Бизақов (Facebook)
Сұрақ: Әкім мырза, Конституцияның 1 статьясында мемлекеттің байлығы оның азаматтары және олардың құқы деп көрсетілген. Егер осы шын болса, неге 50 мыңнан астам тұрғыны бар Астананың шекарасында тұрсақ та әлі күнге дейін емхана, не аурухана жоқ? Мектеп болса жетіспейді, қанша адам каникулда, тіпті осыншама халқы бар ауылға қала статусын бермеске. Статус өзгерсе қаншама адам жұмыспен қамтамасыз етілер еді. Осы сұрақтарға жауап берсеңіз.
Жауап: Бүгінгі күні 1200 орындық мектеп құрылысына жоба дайындалды. Жоба ҚР Білім және ғылым министрлігіне 2018-2020 жылдары бюджетке қосу үшін ұсынылды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы ауысымда 150 келушіге арналған бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығының (емхана) құрылысы бойынша жоба әзірлеу үшін 20 миллион теңге бөлінді, бұл 2019 жылы аяқталады.
Сіздің елді мекенде халықтың саны 10 мыңнан асса да, аумағында өнеркәсіп орындары коммуналдық шаруашылық, мемлекеттік тұрғын үй қоры, оқу және мәдени-ағарту, емдеу мен сауда объектілерінің дамыған желісі бар болуы керек. Тек осы жағдайда қала статусын беруге болады.

Нұр Ғали (Facebook)
Сұрақ: Сәлеметсіз бе, Ақмол кентіндегі әскери бөлім маңайында коммуналдық қызметшілер қатты және басқа қалдықтар полигонын жасады. Бұлар 10 метрлік қашықтықтағы зиратқа ұшуда. Бұған қалайша жол берілген? Шара қолдануыңызды сұраймын.
Жауап: Иә, стихиялық қалдықтар қоймасы барлық елді мекендер үшін өзекті мәселе саналады. Мұндайға тұрғындардың өзі жол беретінін атап айтқым келеді.
Қолданылған шараларға қарамастан, әскери бөлім жанындағы бөгетке Ақмол тұрғындары қалдықтарды тастауды тоқтатар емес.
2017 жылдың 8 желтоқсанында Ақмола облысының қалалары мен елді мекендерін абаттандыру Ережесі бекітілді. Бұл тұрмыстық қалдықтарды шығару мен жинақтау ісін тәртіпке келтіреді.
Жергілікті атқару органдары күнделікті тексерістер жүргізіп, анықталған фактілер бойынша айыппұл салу, басқа да шараларды қолдануда. Бұл жұмыстар жергілікті полиция және экология департаментімен бірлесе атқарылады.
Қалдықтарды жинау мен тасымалдау ісімен «ТАЗА ЖОЛ ГРУП» аудан әкімдігіне аталған жерді тазалау, қалдықтарды зарарсыздандыру, қабылдау-сұрыптау пунктін ұйымдастыру және жер телімін бөлу мәселесіне қатысты ескерту хаты жолданды.

Самал Жарова (Facebook)
Сұрақ: Құрметті әкім, Мәлік Мырзалин біздің Қосшыға келіңіз!!! Біздің барлығымыз Көкшетауға келе алмаймыз!
Жауап: Шақырғандарыңыз үшін рахмет! Менің бір жылдық қызметімде сіздерде 4 рет болдым, 2017 жылдың сәуір, мамыр, қыркүйек және қараша айларында. Есепті кездесу барысы мен оның алдында қойылған сұрақтардың көптігіне байланысты жуырда Қосшыға баруды жоспарлап отырмын, сонда тұрғындармен кездесеміз.

Мила Фаткуллина (Facebook)
Сұрақ: Әкім саз-балшық басталғанда келсін. Жолдардың кедір-бұдырлары көрініп тұрады. Осы сәтте көлігінің жоқтығы, жарықсыз бағаналар қоқынышты. Жылдар бойы балансқа қойылмауы да күлкілі. Үйде шам жағатын болдық.
Жауап: Қосшыда кентішілік жолдар 185 км. құрайды. Оның ішінде асфальт төселгені 20 км, қиыршық тас төселгені 17 км, 148 км. топырақ жамылғылы.
2016 жылы 356,6 миллион теңгенің 3,6 км. жолы жөнделсе, 2017 жылы 153 миллион теңгенің 2,3 км. жолы жөнделді, ал 2018 жылы 27,3 миллион теңгенің жұмыстарын аяқтау көзделуде.
Бұған қосымша 2017 жылы төмендегідей жұмыстар атқарылды:
– «Аумақтарды дамыту» бағдарламасымен 4 миллион теңгеге 1,5 км. кентішілік жолдар ағымдағы жөндеуден өткізілді.
– 5 миллион теңгеге 1,3 км. жолдарды тәртіпке келтіру бойынша кентішілік жолдар ағымдағы жөндеуден өткізілді.
– Сарқырама өзені арқылы өтетін 350 м. жол 20 миллион теңгеге кеңейтілді.
– Кентішілік 14 км. жолды (452,6 миллион теңге) орташа жөндеудің ЖСҚ жасалып, салалық министрлікке бюджеттік тапсырыс берілді.
– 2018 жылы 12,5 км. аулалық-жол желілерінің құрылысы және 24 км. кентішілік жолдарды күрделі жөндеудың ЖСҚ дайындалатын болады.
Көшелерді жарықтандыру аудан әкімдіктерінің балансында, бұл мақсатқа жыл сайын жергілікті бюджеттен қаржы бөлінеді. Қосшыдағы көшелерді жарықтандыру желілерінің аумағы 31 км. құрайды, 2017 жылы 6 км. желіні жаңартуға 7,1 миллион теңге бөлініп, 246 қуат үнемдегіш лампалар ауыстырылды.

Сұрақ: Сәлеметсіз бе, Мәлік Кеңесбайұлы! Бұланды ауданынанмын, менің сізге сұрағым бар. Макинск қаласында көптеген жылдардан бері жүзу бассейнінің құрылысын аяқтауға уәде беріліп келеді. Біз қала жастарының өкілдері ретінде бассейннің аяқталуына көмектесуіңізді сұраймыз.
Жауап: Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жыл сайын жаңа спорттық нысандар ашылады. 2017 жылы Балқашин ауылында спорттық-сауықтыру кешені, Шортанды ауылында жүзу бассейні, Державинск қаласында стадион, Көкшетау, Степногорск, Аршалы және Целиноград аудандарында 40 спорт алаңы пайдалануға берілді.
Биыл біз бұл жұмысты жалғастырамыз. Макинск қаласында жүзу бассейнінің құрылысын аяқтауға 32 миллион теңге бөлінді. Биыл бұл нысан тапсырылатын болады.

Рябчевский, Степногорск қаласы.
Сұрақ: Мәлік Кеңесбайұлы, айтыңызшы, биыл Степногорск қаласынан Ақкөлге дейінгі жолды жөндеуді аяқтау жоспарланып отыр ма?
Жауап: Биылғы жылы «Степногорск-Ақкөл» аймақтық жолында жөндеу жұмыстары жалғасатын болады. Осы мақсаттар үшін облыстық бюджеттен 300 миллион теңге бөлінді.

Ерейментау қаласының коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Николай Алексеевич Кравченко.
Сұрақ: Біздің аймақтағы өмірдің барлық салаларын қамтитын осындай кең көлемді баяндаманы тыңдау мен үшін өте қуанышты болды және біздің халқымыздың игілігі жолында одан әрі даму мен жетістікке жетуді тілеймін. Менің сұрақтарым бар:
– Ерейментау қаласындағы мәдениет үйін қайта жөндеуді жоспарлап отырсыз ба?
– Ерейментау қаласындағы мектеп-лицейді кеңейтіп, қайта жаңарту жоспарланып отыр ма?
Медицина саласында ақшаны төлеу қажеттілігі себебінен кейде оны пайдалана алмайтын адамдарға сапасыз медициналық көмек көрсету жайы көрініс береді. Мынадай ұсыныс-тілегім бар:
Бірте-бірте тегін медициналық көмекке ауысу мүмкіндігі бар ма? Алдымен кейбір дәрі-дәрмектер, қандай
да бір қызмет түрі болса да, көп нәрсе жасалып жатыр, алайда, медицинаның тегін болуын қарастыру керек қой.
Жауап: Ерейментау ауданының бір ерекшелігі – киелі орындар көп, өзіндік ерекшелігі, шығармашылық әуесқой өнер топтары бар. Мен белгілі бір саланы дамыту үшін тиісті жағдайлар жасау қажет екеніне келісемін. Сондықтан, биылғы жылы облыстық мәдениет үйіне 145 миллион теңгенің күрделі жөндеу жұмыстары жүзеге асырылатын болады.
Сондай-ақ, Ерейментау қаласының №2 орта мектеп-лицейінің күрделі жөндеу жұмыстарына (мектепке дейінгі интернат) 102 миллион теңге бөлу жоспарланған.
Жалпы, барлығына тегін медициналық көмек көрсету мүмкін емес. Бүгінгі күні мемлекет тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етеді, оның шеңберінде тегін медициналық көмектің бір бөлігін алуға болады.

Сәлеметсіз бе, Мәлік Кеңесбайұлы! Мен Шортанды ауданынан Сыздықовпын. Біріншіден, біз сіздің есебіңізді өте мұқият тындадық, білеміз көп жұмыс атқарылғанын. Сіздің басшылығыңызбен жасалған жұмыстарды теледидардан, газеттерден көріп, оқып отырамыз, өте көп рахмет. Алдағы жылдарда да зор табыстар тілеймін.
Сұрақ: Құрметті Мәлік Кеңесбайұлы, менде бір сұрақ бар. Шортанды ауданының бірнеше елді мекені Астананың агломерациялық аймағына кірді.
Шортанды ауданында осыған байланысты қандай өзгерістер болатынын білгіміз келеді?
Жауап: Астана агломерациясының аумағына Бозайғыр ауылдық округі кіреді, ол Бозайғыр спутниктік ауыл ретінде анықталады.
Бозайғыр кентінде және Төңкеріс станциясында балабақшалар салу, Төңкеріс және Ключи селоларында парамедициналық және акушерлік пункттердің құрылысын салу жоспарлануда. Биылғы жылы балабақшалардың құрылысы басталғанда 30 миллион теңге, ал, ФАП-қа 74 миллион теңге бөлінді.

(Бейне қоңырау)
Сұрақ: Біз Біржан еліненбіз. Биыл Президентіміздің Жарлығымен біздің ауданға қазақтың біртуар ұлы Біржан сал есімі берілді. Еңбекшілдер ауданын Біржан сал ауданы деп атау біздің 25 жылдықтың игі жетістігі. Біржан сал ауданының және өзімнің атымнан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа үлкен рахмет айтамын. Құрметті Мәлік Кеңесбайұлы, өңірімізде Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында көп іс-шаралар жүзеге асып жатқанын білеміз. Сал-серілердің дәстүрін, оның ішінде Біржан салды насихаттау үшін облыста қандай іс-шаралар өткізу жос-парланып отыр? Рахмет!
Жауап: Осы жылдың сәуір айында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасына 1 жыл толады.
2017 жылы бұл салада көп жұмыстар атқарылды. Оны мен жаңа баяндамада айтып өттім.
Ақмола облысы атақты өнерпаздары мен сал-серілерін мақтан етеді. Облыста бұл бағытта көптеген іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Ауданға Біржан салдың атын берген кезде облыстық филармония сіздерге үлкен концертпен барды. Біржан сал атындағы музыка колледжі акция өткізді.
Осы жылы Бурабайда, Оқжетпестің қасында, «Біржан-Сара» операсы қойылады. Қазақ театры Біржан салға арналған спектакль қояды. Наурыз айында тарихи-өлкетану музейі көрме ұйымдастырады. Сиди-диск шығару да жоспарда бар.

Құрметті Мәлік Кеңесбайұлы,
менің атым Арман Жүсіпов.
Сұрақ: Мен сіздермен жергілікті жолдарды жөндеуге байланыс-ты жұмыстарды білгім келеді. Балқашин-Шаңтөбе автожолын жөндеу ағымдағы жылы жалғасады ма?
Жауап: Иә, биыл автожолды ағымдағы жөндеу жұмыстарының 10 шақырым учаскесі қарастырылған.

Құрметті Мәлік Кеңесбайұлы!
Есіл аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы.
Сұрақ: Өткен жылы бұқаралық ақпарат құралдарында Бұзылық және Кеңбидайық су қоймаларын салу жобалары жария етілді. Бүгінгі күні аймақ үшін оларды іске асырудың нәтижесі қандай және қандай шаралар жүзеге асырылды?
Жауап: Астана, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарын баламалы сумен қамтамасыз ету үшін Мемлекет басшысы Бұзылық (1 миллиард текше метрден астам) және Кеңбидайық су қоймалары (150-200 миллион текше метр) құрылысын бастауды тапсырды.
Бұзылық су қоймасының құрылысы Солтүстік Қазақстан облысына Есіл өзенінің төменгі жағдайдағы ағынды суларын басқаруға мүмкіндік береді және Кеңбидайық су қоймасының құрылысы рекреациялық мақсатта ғана қарастырылады, яғни, туризм индус-триясын дамыту үшін.
Сонымен қатар, аталған жобаларды жүзеге асыру 25 мың гектарға жуық суармалы жерді айналымға шығаруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге арналған конкурстық рәсімдерді аяқтайды.

Аршалы ауданындағы Жібек Жолы селосының байырғы тұрғыны Петр Иванович Гуля.
Сұрақ: Бүгінде Жібек Жолы селосы Астананың қала маңындағы аймағында орналасқан. Ауылда қарқынды тұрғын үй құрылысы жүргізілуде, сонымен бірге, ауылда электр беру желісі жоқ. Біздің
ауылда электрмен жабдықтау желісін салу жоспарлануда ма? Рахмет.
Біздің ауылда электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы бойынша жұмыстар жоспарланған ба? Рахмет.
Жауап: 2017 жылы Жібек Жолы кентіндегі электрмен жабдықтау желілерін салу үшін ЖТЖ әзірленді. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне 1,2 миллиард теңге сомасында бюджеттік өтінім жіберілді.
Сұрақ: Мен балалары спорт саласында жүрген ата-аналар қауымының атынан сұрақ қойғым келеді. Қазіргі таңда спорттық бимен айналысамын дейтіндердің қатары күн санап артып келеді. Қазіргі таңда спорттың осы түрімен айналысып жүрген облысымызда көптеген талантты балалар баршылық. Олар халықаралық турнирлерде тек қана облыстың ғана емес, ел абыройын да асқақтатып жүргендігін мақтан тұтамыз. Алайда, бір түйткіл мәселе бар. Спорттың бұл түріне баулитын үйірмелердің барлығы ақылы. Талантты да талабы зор балалардың барлығының ата-аналары ақылы жаттығуларды төлеуге материалдық жағдайлары жоқ. Осы орайда, сізден облыс орталығындағы спорттық мектептердің бірінен аталмыш спорт түрінен бөлім ашып беру мәселесіне көңіл бөліп, қолдау берсеңіз деген өтінішіміз бар.
Жауап: Аталмыш мәселені қарастырып жатырмыз. Қазіргі таңда облыс орталығындағы мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорттық мектебіне жарты айлық жалақы мөлшерлемесінде спорттық биге баулитын жаттықтырушы-мұғалім жұмысқа орналасып, қазіргі кезде мектепте 12 бала жаттығуда. Таяуда тағы бір жаттықтырушы мұғалімді жұмысқа қабылдап, жаттығып жүрген балалардың санын 30-ға жеткізу жоспарда бар.

Қорғалжын ауылының Арықты ауылынанмын.
Сұрақ: Құрметті Мәлік Кеңесбайұлы! Біздің ауылға 1993 жылы медициналық пункт салынған болатын. Содан бері бірде-бір рет аталмыш мекемеге жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Осы мақсатта биылғы жылы қаржы бөлінеді ме екен?
Жауап: Биылғы жылы облыстық бюджеттен Арықты ауылында медициналық пунктті күрделі жөндеуге 27 миллион теңге бөлінді. Конкурстық рәсімдеу наурыз айынан басталады.

Светлана Леонидовна Гладченко, Атбасар қаласынан.
Сұрақ: Қайырлы күн. Құрметті Мәлік Кеңесбайұлы! Біз Атбасар қаласының тұрғындары көктем туса, үйлерімізді тасқын су басып кетпесе деген уайыммен жүреміз. Тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіру мәселесі Үкімет отырысында көтерілгенін жаңалықтардан естіп білдік.
Қала тұрғындары бұл бастаманы жаппай қолдап отыр. Осы орайда аталмыш мәселеге байланысты Сіздің ойыңызды өз аузыңыздан естісек деп едік.
Жауап: Иә, бұл мәселені де қарастырып жатырмыз, алдын ала есептеулер жүргізілді. Сарапшылардың пікіріне сүйенер болсақ, Атбасар қаласында су тасқынынан қорғайтын (жалпы ұзындығы 9,5) дамба тұрғындардың қауіпсіздік мәселесін түбегейлі шешпейді. Осыған орай, Ақмола облысының әкімдігі Атбасар қаласындағы жағалау маңында тұратын 528 отбасын (1800 адамнан астам) жаңа шағын ауданнан көппәтерлі тұрғын үйлер есебінен, Үкіметке баламалы және аз шығынды нұсқаны ұсыныс ретінде енгізді.

Сұрақ: Құрметті Мәлік Кеңесбайұлы! Біз әлгінде Сіз жасаған аналитикалық баяндаманы тыңдадық. Сіз өз сөзіңізде біз қызмет атқаратын мекемелердің басты бағыттарына тоқталып өтіп, 2018 жылдың басты перспективаларын атап өттіңіз. Көп рахмет Сізге. Урюпинск селолық округі ең үлкен округтердің бірі. Қояр сауалым, ағымдағы жылы бу қазандығының құрылысы қолға алынады ма?
Жауап: Үстіміздегі жылы Урюпинка селосында жылу жүйелері бар бу қазандығының құрылысы басталады. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 80 миллион теңге бөлініп отыр.

Бақыт Есләмұлы Қапаров
Сұрақ: Қазақстан мен Қытай билігі арасында 51 қытай кәсіпорнын біздің еліміздің аумағына ауыстыру туралы өзара келісім бар. Ақмола облысына неше кәсіпорынды орналастыру жоспарда бар? Оның шарттары қандай?
Жауап: Ақмола облысының аумағында ешқандай 51 кәсіпорын орналастырылған жоқ және жоспарланбаған.

«Шанс» мүгедектерді оңалту орталығы, Шиманский.
Сұрақ: Біз осы жылдан бастап әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік қызмет көрсетудің жаңа формасына көшеміз. Осыған орай менде мынадай сұрақ туындап отыр: Біздің облыста жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті мүгедектерге беру мүмкіндігі қарастырылған ба?
Жауап: Облыста жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу мәселесіне байланысты ақпараттық түсіндірме жұмыстары ұдайы жүргізіліп тұрады. Ағымдағы жылдың 28 ақпанында 1026 өтініш түскен. Олардың ішінде 949 отбасыға (4403 адам) 31,9 миллион теңгеге атаулы әлеуметтік көмек белгіленді. 810 отбасына 22,2 миллион теңге көлемінде қаражат берілді.

Сұрақ: Құрметті Мәлік Кеңесбайұлы, Сіз облыстағы тұрғын үй құрылысы жөнінде жақсы айттыңыз. Мен Державинск қаласының тұрғынымын, тұрғын үй кезегінде тұрғаныма бірталай жыл болды. Себебі, кезекте тұрғандар өте көп. Сұрайын дегенім, Державинск қаласындағы 60 және 75 пәтерлі тұрғын үйді қайта қалпына келтіруге биылғы жылы қаражат қарастырылған ба? Бұл біздің аудан үшін зор көмек болар еді.
Жауап: Аталмыш тұрғын үйлерді қалпына келтіру мәселесін аудан әкіміне мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы жүзеге асыруды тапсырамын. Мәселен осындай жолмен Көкшетау қаласында 3 үй қалыпқа келді.
Бүгінгі күні жергілікті бюджет есебінен Державинск қаласындағы Молодежный мөлтек ауданында орналасқан 60 пәтерлік тұрғын үйді қайта жабдықтау, аталмыш үйдің аумағын көгалдандыру, инженерлік желілерін салу үшін жобалық-сметалық құжаттары әзірленді. Екі жобаның жалпы сметалық құны 304 миллион теңге.

Сұрақ: Құрметті Мәлік Кеңесбайұлы! Мен ел ақсақалдарының атынан сөз алып отырмын. Біз Сізді былтыр Ұлыстың ұлы күні Наурыз тойында бірінші рет кездесіп қарсы алдық. Аталарымыз айтпақшы, қора төлге толған күн, төріміз жанға толған күні қарсы алып едік. Содан кейін бізді ел ақсақалдары деп қабылдап, Сізбен пікірлесіп қайттық. Сол жолы ұрпақ тәрбиесі, спорт мәселесі, кадр мәселелерін айтып едік. Жаңа Сіздің тамаша есебіңізді тыңдап, көңіліміз марқайып отыр. Жасыратыны жоқ, бізді алаңдататыны, жер мәселесі. Бұл бір. Тіршілік тамырына байланған осындай түйткіл мәселелердің күрмеуін шешетін кез келді. Екінші өзекті мәселелердің бірі газ мәселесі. Бұл да айта айта жауыр болған тақырып. Алайда, келер күннен үміттіміз. Тағы бір екпін түсе айта кететін жайт, Сіздің 4-5 орынбасарларыңыз бар. Бұл кісілер де өз қызметтері, атқарған міндеттері туралы есеп берсе екен деген тілегім бар. Біз қара халық ІІБ, прокуратура қызметінің басшыларын мүлдем танымаймыз олар халықпен кездеспейді. Көше атаулары қазақшаланды. Бұл үлкен игі іс болды.
Жауап: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасымен қарастырылған негізгі ережелерді ақпараттандыру облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында.
Жер қатынастары саласындағы мәселелерді ақпараттық жетелеу мақсатында медиа жоспар, құзыретті мемлекеттік органдар, қоғам қайраткерлері және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері облыстық жұмыс тобының құрамы бекітілді.
Ағымдағы жылы жер заңнамасына енгізілетін негізгі өзгерістерді халыққа түсіндіру бойынша уәкілетті органдармен жұмыс кеңестерін, облыс өңірлерінде баспасөз турларын, дөңгелек үстел жиындарын, ашық есік күндерін, брифингтер өткізу, сонымен қатар, ақпараттық танымдық материалдар әзірлеу жоспарланып отыр.
Облыс әкімдігі мен жер қатынастары бойынша уәкілетті органның ақпараттық порталдарында жер заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша бөлімдер ашылған.
Қазіргі уақытта Астанадағы Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінде ұсынылған жобалар шеңберінде, LNG негізінде Ақмола облысын кешенді газдандыру Қазақстан Республикасының солтүстік аймақтарын газдандыру жобасы шеңберінде «Global Gas Group» ЖШС-мен мемлекеттік жеке серіктестік арқылы жүзеге асырылады.
Бұл жоба облыстың 8 елді мекенін: Көкшетау, Зеренді, Щучинск, Степногорск, Бурабай, Макинск, Ақкөл, Шортанды аудандарын газдандыру қолға алынбақшы. Global Gas Group ЖШС-нің ақпараты бойынша ҚР Энергетика министрлігімен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеберінде келісімшарт жасасқаннан кейін, Көкшетау қаласын газбен жабдықтау жобасы 2020 жылы жүзеге асады деп жоспарлануда.
Сіздің облыс әкімі орынбасарлары есеп берсін деген ұсынысыңыз назарға алынды, бұл өте жақсы идея. Келесі жылы, қорытынды есеп беру кездесуінің алдында менің орынбасарларымның халыққа есеп беру кездесулері ұйымдастырылатын болады.

Сұрақ: Құрметті Мәлік Кеңесбайұлы! Егіндікөл ауданы бойынша Алакөл орта мектебіне күрделі жөндеу жүргізу мәселесі өткір тұр. 70 миллион теңгенің жобалық-сметалық құжаттамасы дайын.
Биыл қаржыландыру мәселесі шешіле ме?
Жауап: Биылғы жылы облыстық бюджеттен Алакөл мектеп-бақшасының күрделі жөнделуіне 68,7 миллион теңге бөлінді. Жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылына дейін жүргізіледі.

Сұрақ: Құрметті Мәлік Кеңесбайұлы! Мен Зеренді ауданындағы «Жас Отан» жастар қанатының белсендісімін. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев селолық округтердің өз бюджеті туралы заңға қол қойды.
Мұның біздің селолық округтерге не беретіндігі жөнінде айтып берсеңіз.
Жауап: 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап облыстың тұрғындар саны 2000 адамнан асатын 69 селолық округінде өзінің бюджеті енгізілді. Оны енгізу селолық округтердің тұрғындарына бірінші кезектегі проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.
Округ бюджетіне салықтың 6 түрі түседі, шығын 19 бағыт бо-
йынша белгіленген.

Қорғалжын аудандық білім бөлімі.
Сұрақ: Бізде блоктық-модульдік қазандықтар қарастырылған ба?
Жауап: Мектеп ғимараттарынан қазандықтарды шығару облыс бойынша кезең-кезеңмен жүргізіледі. Бүгінге дейін 74 білім беру нысанында мәселе шешілген. Биылғы жылы 10 мектепте блоктық-модульдік қазандық орнату қарастырылған. Оған облыстық бюджеттен 193 миллион теңге бөлінді.

Сұрақ: Қайырлы күн! Менің сұрағым мынадай: 2018 жылы онкологиялық емхананың құрылысы жоспарланған, ал, қазіргі емхана не болады?
Жауап: Расында, биыл Көкшетау қаласында күніне 150 адам көріне алатын онкологиялық емхананың құрылысы басталады. Бұл үшін республикалық бюджеттен 2,2 миллиард теңге (2018 жылға 250 миллион теңге) бөлініп отыр.
Жаңа емхананы осы заманғы жаңа медициналық диагностикалық техникамен қамтамасыз ету көзделген, бұл – медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Жаңа нысан онкодиспансердің аумағында салынады. 110 төсек-орынға арналған қазіргі диспансер өзінің науқастарды емдейтін функциясын сақтап қалады.

Целиноград ауданының тұрғыны.
Сұрақ: Қараөткел ауылдық округінде электрмен жабдықтау мәселесі қай деңгейде шешілуде?
Аймақ бойынша су, жылумен жарыққа тарифтер өсіп отыр, мұның өзі қоғамда әлеуметтік шиеленіс туғызады. Біздің аймақта тарифтер қалай қалыптастырылады және оларды азайтудың мүмкіндігі бар ма?
Жауап: Қараөткел ауылының жаңа құрылыстар аумағында электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы 2016 жылы аяқталды. 2017 жылдан бастап кезең-кезеңмен тұрғын үйлерді электрмен жабдықтауға қосу басталды.
Табиғи монополиялар субъектілерінің коммуналдық қызметтеріне тарифтер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленеді. Тарифтерді қалыптастыру мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитетінің аумақтық департаменті уәкілетті орган болып табылады.
Аймақтарда электр қуатын тарату және соңғы тұтынушыға дейін тарифтерді азайту мақсатында Мемлекет басшысы Үкімет пен облыс әкімдіктеріне аймақтық электржелілері компанияларын ірілендіру жөнінде жұмыс жүргізуді тапсырды. Қазіргі уақытта орталық мемлекеттік органдар қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгертулер енгізуде.

Еңбек ардагері М.Рақымбергенов, Көкшетау қаласы.
Сұрақ: Мәлік Кеңесбайұлы, біз Сіздің баяндамаңызды тыңдап, Ақмола облысының барлық өңірлерін, соның ішінде Көкшетау қаласын одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамыту жөнінде зор жұмыстар жүргізіліп жатқандығына тағы бір айқын көз жеткіздік. Сіз облыс әкімі қызметіне кіріскенде өткен жылдың мамыр айындағы бір сөзіңізде жыл сайын сәуір айының аяғына қарай Қала күні мерекесін өткізетін боламыз деп айтып едіңіз. Менің мынадай ұсынысым бар. Сәуірдің аяғында ауа райы әр кезде бірдей, қала көшелерінде мұндай үлкен мерекені өткізуге мүмкіндік бере бермейді. Сондықтан, осы мереке жылдың жылы айларында өткізілсе. Екіншіден, мамыр айында мерекелер көп және олардың бәрі де маңызды мейрамдар.
Жауап: Мен сіз дұрыс айтып тұрсыз деп ойлаймын. Біздің ауа райы сәуір айында мұндай ауқымды шараларды өткізуге мұрсат бермейді. Сондықтан, Көкшетау қаласының әкімдігімен бірге бұл мәселені таяу арада шешетін боламыз.

Сұрақ: Президенттің салиқалы саясаты нәтижесінде қаламыз тұрақты түрде өсіп келеді. Көкшетау қаласындағы оң өзгерістер көңіл қуантады. Таудағы телемұнара жанында айналаны тамашалау алаңын ашқаныңызға қуаныштымын және қаланың әртүрлі бөліктерінде спорт алаңдары ашылып жатқанына ризамыз. Қазір немереммен бірге қыдырып, демалатын жерлер көбейді. Мынадай сұрақ: Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің жанындағы шағын скверде даңқты жерлесіміз Төлеген Сәбитұлы Досмағамбетовтің бюсті орнатылған. Осы сквер абаттандырылса жақсы болар еді. Бұл қаламыздың көркін аша түсер еді. Үлкен рахмет.
Жауап: Сіз айтқан скверде болдым, шындығында қараусыз қалған екен. Бұл мәселені дұрыс көтеріп отырсыз. Аталған мәселе шешіледі, скверді абаттандыру үшін биыл жобалау-сметалық құжаттар дайындалатын болады.

Сұрақ: Қайырлы күн, мен Көкшетау қаласының тұрғыны ретінде, соңғы жылдары автомобиль жолдарының жақсарғанын байқаймын. Бейбітшілік тұрғын ауданында жол құрылысы жүргізіледі ме?
Жауап: Иә, Бейбітшілік шағын ауданындағы жолды жөндеу жос-
парлануда.
Бұл мақсатта жолдарды күрделі жөндеу үшін ЖСҚ дайындалады, оның ішінде Қайыңды, Уокерская, Балуан Шолақ, Құрманғазы және Дмитриев көшелері тиісті инфрақұрылымдарымен қоса.

Сұрақ: Мәлік Кеңесбайұлы, Сіз өз баяндамаңызда Қопа көлінің маңайын абаттандыру туралы айтып өттіңіз. Сізге сұрақ: Көлдің өзін тазалау істері қай деңгейде?
Жауап: 2017 жылы су қоймаларын сақтау және биоресурстарды дамыту мақсатында «Қоршаған ортаны қорғау шаралары» бюджеттік бағдарламасымен 11 миллион теңге қаржы бөлініп, көлді балықтандыру жұмыстары жүргізілді.
Ағымдағы жылы аталған жұмыс жалғасатын болады. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 40 миллион теңге қарастырылған.
Географиялық орналасуы мен табиғи Бұқпа көлі бар Көкшетау қаласы туризм және таза экология қаласы болуы керек. Қазіргі күні Бұқпа жағалауын түбегейлі жаңғырту жобасы қарастырылуда, көл жағалауы түрлі ластанудан қорғалатын болады.

Әди Төлепбергенов, журналист
Сұрақ: Мәлік Кеңесбайұлы, облыс орталығында спортпен айналысуға толыққанды спорт кешені салына ма?
Жауап: Қазіргі күні Көкшетау қаласында ойын және тренажер залдары болатын жабық спорт кешенінің ЖСҚ әзірленген. Ойын залының аумағы футзал, баскетбол жарыстарын өткізуге мүмкіндік береді. Аталған нысанның құрылысы биыл басталады.

Степногорск қалалық ардагерлер Кеңесінің төрағасы.
Сұрақ: Ақсу кентінің ақсақалдары жолдың нашарлығы жөнінде жиі қоңыраулатады. Биыл Бестөбе кентіне дейінгі жолды күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады ма?
Жауап: Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы Ақсу-Бестөбе-Изобильное бағытындағы жалпы құны 2,8 миллиард теңгелік жолды жөндеу (2018-2020 жылдар) жобасын дайындады.
Биылғы жылы 45 км. жол учаскесін ағымдағы жөндеу қарастырылған.

Сұрақ: Мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған барлық ата-аналардың атынан Сізге мынадай сұрақ қойғым келеді. Біздің балаларымыз үйде отырады және оқымайды. 20-шы мектеп, коррекциялық сынып бар. Бірақ, бұл мекемелер аздап болса да қимылдайтын балаларға арналған. Ал, бізге пенсия аласыңдар деп, аузымызды жабады.
Біздің қаламызда пандус, тағы басқа жабдықтармен қамтамасыз етілген жеке ғимарат неге салынбайды? Біздің балаларымыз қалыпты жағдайда оқып, қалыпты жағдайда өсуге құқысы жоқ па?
Жауап: Қаладағы медициналық-санитарлық мекеменің жанында 20 балаға арналған жалғыз арнайы топ бар. Мұнда әртүрлі жастағы, әртүрлі диагноздағы ұлдар мен қыздар топтастырылған. Бір кездері бізге қараусыз қалған Шанхай әкімдігінің ғимаратын беруге уәде алғанбыз. Зерттей келгенде бұл ғимарат бізге жарамайтыны белгілі болды, ол ешқандай нормаға жауап бермейді. Мұндай ғимарат қашан салынады, жоспарда бар ма? Біз тегін сұрап тұрған жоқпыз, ақылы болсын, бірақ балаларымызға қолайлы жағдайлар жасалса дейміз. Бұл өте өзекті мәселе деп ойлаймыз.
Ерекше білім беруді талап ететін балалардың жағдайы бізде айрықша бақылауда ұсталады.
Мен Сізге 7 наурыз күні жеке қабылдауымда болғаныңызда бұл мәселенің шешілуі белгілі уақытты қажет ететіндігі айтылған болатын. Мұнда міндетті процедуралардың бәрі ескерілуге тиісті. Сондай-ақ, қолайлы ғимарат құрылысы немесе күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу керек.
Осыған байланысты Көкшетау қаласының әкіміне тиісті тапсырмалар берілді.

Сұрақ: Мәлік Кеңесбайұлы, қайырлы күн. Менің әлеуметтік маңызды сауалым бар. Мен жеке кәсіпкермін. Аршалы ауданындағы Жібек жолы кентінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы бойынша балалар бақшасын аштым. Балалар бақшасында қазір 40 бала бар, 10 қызметкер жұмыс істейді. Аудандық білім бөліміндегілер биыл қаржыландыру болмайды деп отыр. Солай бола тұра, келер жылға қосымша өтініштер жасады. Енді мен мемлекеттің көмегіне ие бола аламын ба?
Жауап: Аршалы аудандық әкімдігіне 40 баланы мектепке дейінгі тәрбиемен қамту үшін мемлекеттік тапсырыс жасау тапсырылды.

Call-орталығына түскен сауалдар

Зәуре Әбдешқызы Ермағамбет,
ұ/т. 87013977990, 32-01-54. Көкшетау қаласы,
Қанай би көшесі, 40.
Сұрақ: 2015 жылдың қыркүйек айында біздің 60 пәтерлік тұрғын үйімізге жаңғырту бағдарламасына сәйкес жөндеу жұмыстары жүргізілді. Дегенмен, жөндеу жұмыстары сапасыз жасалды. Шатырдан су ағып тұр. 2018 жылдың 16 қаңтарында қала әкімдігіне (ЖТ-УЖ-5) өтініш жасадық. Бірақ, әзірге жауап жоқ.
Жауап: Қанай би көшесіндегі 40 үйге 2015 жылы қайтарымды қаржы негізінде «Көкше МЖД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 13,5 миллион теңгеге жөндеу жұмыстарын жасады. Жұмсақ жамылғы, тұрғын үйдің шатыры, жертөледегі жылу және канализация жүйесі жөнделді. 2018 жылдың 26 ақпаны күні заңды және жеке тұлғалардың қатысуымен айтылған жерге барып қарап көрді.
Тұрғын үй ғимаратының техникалық жағдайы айта қаларлықтай ақаулы емес. Төбе жамылғысы мен пәтерлердің жағдайын күн жылынған соң, 2018 жылдың 15 сәуірі күні қосымша қарау туралы шешім қабылданды.

Көкшетау қаласының тұрғыны.
Сұрақ: 1.Атақты әртістерді шақыру үшін 1500-2000 адамға лайықталған жаңа концерт залы немесе кешен салына ма?
2.Славян театры салына ма?
3.Баскетбол, волейбол және мини-футбол ойындарына арналған трибунасына 1000 адам сиятын спорт залы салына ма?
4.Аквапарк салына ма?
5. Хирургиялық корпусы бар жаңа қалалық емхана салына ма?
Жауап: Концерт залының құрылысы басымдылық беріліп отырған жобалардың бірі. Көп шығынды қажет ететін жоба болғандықтан бұл мәселе мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде қарастырылуда. Жоба бойынша концерт залы, кинозал және басқа да мақсаттарды көздейтін көпфункциялы ғимараттың құрылысы ұсынылуда. Оның базасында балалар үйірмелерін, әртүрлі көрмелерді ұйымдастыруға болар еді.
Қалада қазір тұрақты ұжымы бар орыс драмалық театры жұмыс істейді. Театрды дамытуға жыл сайын облыс бюджетінен қаржы бөлініп тұрады.
Бүгінгі күні Көкшетау қаласында ойын және тренажерлық залдары бар жабық спорт кешенін салудың жобалық-сметалық құжаттары жасалып қойылған. Біздің баскетбол, шағын футбол командамыз бар. Жалпы алғанда, тұрғындар тарапынан спортпен айналысуға деген ынта-ықылас, сұраныс бар. Биылғы жылы кешен құрылысы басталады.
Ал, аквапарк құрылысына келетін болсақ, бұл жеке бизнес өкілдерінің шаруасы. Егер ұсыныс түсіп жатса, тиісті жер телімін бөліп, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесін шешуге көмектесеміз.
Қазіргі күні облыс орталығындағы денсаулық сақтау нысандары халықтың сұранымын толық қанағаттандырып отыр, жаңа аурухана салу жоспарда жоқ. Тек онкология емханасы салынатын болады. Бұл қазіргі күнгі өте маңызды мәселе.

Көкшетау қаласының тұрғыны.
Сұрақ: 1. «Синема Әлем» кинотеатрының репертуарлары көңіл көншітпейді.
2. Ғабдуллин көшесінің 75-үйіне учаскелік инспекторлар келмейді және жалға берілетін пәтерлерді тексермейді.
Жауап: 1. «Синема Әлем» кинотеатры жекеменшікте. Директорына көпшіліктің сұранысына лайықты репертуар жасау туралы ұсыныс айтылды.
2. Жеке тапсырмам бойынша 23 ақпанда жергілікті полиция қызметі инспекторы Арман Қанатбекұлы Құрсарин Ғабдуллин көшесіндегі 75 үйдің барлық пәтерлерін тексеріп шықты. Тексеру барысында жалға берілетін 3 пәтер анықталды. Тұрғындардан сұрау барысында жалға берілетін пәтерлерге байланысты ешқандай шағым болған жоқ.

Галина Миненко,
Көкшетау қ., Абылай хан к., 20, 11-пәтер, тел: 42-50-23.
Сұрақ: Мен зейнеткермін, бұрынғы мұғаліммін. Петропавл қаласынан көшіп келдім. Ардагерлер ұйымына бекітілмегенмін. Өткен жылы қарттарды қорғау айлығында ешкім құттықтап, көмектескен жоқ. Назар аударылса екен деймін.
Жауап: Сіздің ардагерлер ұйымына бекіту туралы сауалыңыз өз шешімін тапты. Сіз қаладағы бір мектептердің біріне бекітілесіз. Сізден сұралатыны, қаланың ардагерлер кеңесіне жазбаша арыз жазу.

Ғайша Бегімқызы Байманова,
Көкшетау қ., 87773052277.
Сұрақ: 2005 жылдан бері жеке тұрғын үй салуға қажетті жер телімі кезегінде тұрамын. Жұрттың бәрі алып жатыр, менің кезегім қашан келеді?
Жауап: Қазіргі күні сіздің жер телімін алу бойынша жалпы тізімдегі кезегіңіз – 234. Жер телімін беру белгіленген жалпы кезек бойынша үй салуға қажетті ифрақұрылымдармен жабдықталған жер телімдерін дайындауға байланысты жүзеге асырылады. Жер телімін жеңілдіктермен алу жайы заңда қарастырылмаған. Жер телімін алу жөніндегі кезегіңіздің жайымен сіз қалалық әкімдіктің сайтынан таныс бола аласыз. Қазіргі күні Көкшетау қаласында 3199 жер телімінің инфрақұрылымдарын салу жұмысы басталды. Осы жер алаңы дайындалған кезде кезек тәртібімен жер телімін алатын боласыз.

Салтанат Қалиқызы Құрманғалиева,
Көкшетау қаласы.
Сұрақ: Облыс орталығын абаттандыру, жаңғырту бағытындағы атқарып жатқан жұмыстары үшін қала әкіміне зор алғысымды айтамын.
Жауап: Шын ниетпен білдірген көңіліңізге рахмет айта отырып, алдағы уақытта да қолдан келгенше қаламыз барынша көркейіп, сәнді бола түсуі үшін жұмысты жалғастыратын боламыз.

Татьяна Алексеевна Русина,
Атбасар қаласы, Есенберлин көшесі, 91. Тел: 87054449771.
Сұрақ: Мен қазір пәтер жалдап тұрамын, бар мүлкім су астында қалған. Су тасқынынан зардап шеккендерге қашан баспана беріледі?
Жауап: Тұрғын үй комиссиясы 2017 жылғы су тасқынынан зардап шеккендерге пәтер бөлу жұмыстарын аяқтады. Бүгінгі күні тұрғындармен пәтерлердің сипатына (көлемі, қабаты, бөлме саны) байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сіз пәтер алу бойынша бірінші кезекте тұрсыз. 2017 жылдың 15 қарашасындағы тұрғын үй комиссиясы хаттамасы шешіміне сай сізге жалпы көлемі 68 шаршы метрлік екі бөлмелі пәтер беріледі. Үйді тапсырғанға дейінгі 4 ай мерзімге жалға алатын пәтер үшін 120 мың теңге бөлінді. Пәтер баспананың техникалық сипаттары бойынша түсіндірме жұмыстары аяқталған соң берілетін болады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар