Татулық қадірін түсінген біледі

«Ассамблея – бірлікке жол» мега-жобасы аясында Көкшетау медициналық колледжінде мерекелік іс-шара өткізілді.

Алдымен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қасымжан Тәшметов Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына өзінің құттықтауын жеткізіп, одан кейін кездесуге келген қоғамдық ұйым өкілдері елдегі тұрақтылық, ынтымақ пен береке жайында бір-бір ауыз сөз алды. Атап айтсақ, «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов, «Бари» армян мәдени орталығы жетекшісінің орынбасары Рузанна Дегаян ассамблеяның елеулі рөлін қатысушыларға кеңінен әңгімелеп берді.
Шара барысында облыстық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері бейнебаяннан ұлттық тағамдар көрмесін көпшілік назарына ұсынса, медициналық колледж студенттері мен оқытушылары концерттік бағдарлама қойды. Сондай-ақ, қонақтар осы білім мекемесіндегі «Мейірбандық және ержүректілік» мұражайын да  тамашалауға мүмкіндік алды. Кездесу соңында  «Ассамблея – бірлікке жол» мега-жобасының эстафетасы саналатын Бірлік кітабы облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасына табыс етілді.

 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар