Мемлекеттік органдардың әлеуметтік-экономикалық даму факторындағы қоғамға есеп берушілігі мен оның бақылауында болуы

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендететіні, әлеуметтік-экономикалық қарыштап дамуды тежейтіні баршаға мәлім. Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді әрі жүйелі іс-қимылдың басты шарттары билік органдарының қоғамға есеп берушілігі мен оның бақылауында болуы, сот төрелігінің тәуелсіздігі мен әділдігі, баяндауда анық және қолдануда күрделі емес заңдар, мемлекеттің кадр саясатындағы меритократия, мемлекеттік рәсімдердің ашықтығы және қоғамның сыбайлас жемқорлыққа деген төзімсіздігі болып танылады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы №401 «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңына сәйкес ақпаратты ақпарат иеленушінің интернет-ресурсында орналастыру, «электрондық үкімет» веб-порталының тиісті құрамдастарында, ақпарат иеленушілер орналасқан үй-жайларында орналастыру қамтамасыз етіледі. Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы облыстың жоспарлау және әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарының стратегиялық мақсаттарын және басымдықтарын қалыптастырудың, бюджеттік саясатының жергілікті уәкілетті органы болғандықтан, өз сайтында келесі ақпаратты орналастырады: «Азаматтық бюджет» бөлігінде Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері, облыстық бюджеттің кірістері және шығыстары туралы, «Ағымдағы қызмет» бөлігінде Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы, паспорты, қорытындылары, «Мемлекеттік қызметтер» бөлігінде «Дипломмен ауылға» жобасының іске асырылуы туралы ақпарат, «Стратегиялық құжаттар» бөлігінде – Ақмола облысының аумағын дамытудың кезекті бес жылдық кезеңіне арналған бағдарламасы, аталған бағдарламасын іске асыру туралы есебі.
«Ашық үкімет» интернет-порталында басқарманың бюджеттік бағдарламалар туралы ақпараты, бюджеттік бағдарламаларының іске асырылуы туралы есебі, басқармада әзірленген нормативтік-құқықтық актілердің жобалары.
Сондай-ақ, сайтта басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы жұмысын көрсететін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» арнайы бөлігі, заңды және жеке тұлғалардың өтініштеріне арналған «Виртуалдық қабылдау» бөлігі бар. Сонымен қатар, әрбір жартыжылдықта басқарманың ішкі қызметі және басқарманың қызметін регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілеріне сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін ішкі талдау жүргізіледі.
Басқарма басшысының 2017 жылғы 15 мамырдағы №15-О бұйрығының негізінде басқарманың мемлекеттік қызметшілерін басқарушылық шешімдерді даярлау және қабылдау кезінде және өзге қарым-қатынастар кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты бекітілген.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларының бірі мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру болғандықтан, басқармада үнемі мемлекеттік қызметшінің позитивтік имиджін құруға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістерді қадағалайтын дәрістер жүргізіледі және соның ішінде мемлекеттік қызметі туралы, бюджеттік сала, әкімшілік құқықтық бұзушылыққа қатысты дәрістер өткізіліп талқыланады. Басқармада тұрақты түрде 29-63-00 сенім телефоны жұмыс істейді, мекемеде жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштеріне арналған жәшік орналастырылған, басқарма басшысының және оның орынбасарларының азаматтарды қабылдау кестесі бар. Осылайша ашықтық Ақмола облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының негізгі ұстанымдарының бірі болып табылады.

Бауыржан МӘЛҒАЖДАРОВ,
облыстық экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар