Оператор

1987 жылы Көкшетау машина жасау техникумын бітірген жас қыз Күлхан Қалымгереева сол кезде КДА, бүгінде «Тыныс» АҚ-ы аталатын кәсіпорынға мамандығына сай кескіндеме сызушы болып қызметке орналасқан еді. Міне, содан бері ол осы кәсіпорында үзбей еңбек етіп келеді.
Қазір ол көбейткіш техникалар бөлімінде оператор болып істейді. Заман талабына сай жаңа құрылғылар орнатылып, озық технологиямен жұмыс істейтін кәсіпорында еңбек ету үшін сол жаңа құрылғылардың тілін білу қажет. Компьютер арқылы басқарылып, жұмыстардың бәрі автоматтандырылған жаңа жүйе жұмысын меңгеру үшін біліктілігін үнемі арттырып отыру керек. Күлхан Қалымгереева сондай уақыт талабы алға тартқан биіктен көрініп, өзінің кәсіби біліктілігін көтеруге үнемі көңіл бөліп жүретін жан.
Суретті түсірген Берік Ескенов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар