Новруз байрамыныз мубарек олсун! Қазақстан халгы хошбахт олсун!

Шығыс халықтарының бәріне ортақ мейрам Әз Наурызды Әзірбайжан халқы да асыға күтеді. Наурызды аса ыждаһаттылықпен, ерекше дайындықпен қарсы аламыз.

Мейрам қарсаңында аулалар көркейтіліп, ағаш отырғызылады, жаңа киімдер тігіледі, тәтті-дәмділер мен ұлттық тағамдар дайындалады. Мейіз немесе жаңғақ қосылған бидай – «говурму» қуырылады.
Наурыз – отбасылық мейрам. Бұл күні барлық отбасы кешке ошақ қасына жиналады. Жаңа жыл дастарханы бай және жемісті болу үшін әртүрлі тағамдар қойылады. Сондай-ақ, бұл күні әзірбайжандықтар оразасын балмен немесе қантпен ашады. Бұл ғұмырымыз тәтті болсын деген ниеттен туған.
Жалпы менің қазақ халқына деген құрметім шексіз. Себебі, қазақ халқы өте мейірбан халық. Жүрегі жомарт, көңілі дархан, кең халық. Еліміз көркейіп, гүлденіп, бір шаңырақта жүздеген ұлт пен ұлыс бір үйдің баласындай тату-тәтті ғұмыр кешудеміз. Осының барлығы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының жемісі деп білемін. Облыс орталығында құрылған «Әзірбайжан қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ашылғанына мінекей, биыл он жыл толады. Елімізде туған халқымыздың мәдениеті мен төлтума өнерін сақтауға кең өріс бар. Ұлттық би үйірмесі, тіл үйрету сабақтарында өскелең ұрпақ өзінің төл мәдениеті мен тілін танып білуге талпыныс танытуда.
Самарқанның көк тасын ерітіп, алтын нұрмен мұз жүрегін жібітіп, жеті қат жер астына дейін балқытып, жыл құстарының әнін шалқытып, жер-жаһанға жасылдан көйлек кигізіп, Сарыарқаны самал желге сүйгізіп, Арқаның төбесін көкке тигізіп, құт-берекені үйгізіп, жеттің бе, Әз Наурыз!

Назим ШИХАЛИЕВ,
«Әзірбайжан қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі
Көкшетау қалалық филиалының төрағасы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар