Апатқа жол берілмейді

Облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен көктемгі су тасқынының алдын алу мәселесіне арналған кеңес өтті. Оған селекторлық режимде аудан, қала әкімдері мен су тасқынының алдын алу шараларын өткізуге қатысты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.

– Кеше ғана Үкімет басшысының төрағалығымен өткен отырыста Шығыс Қазақстан облысында орын алған су тасқынына байланысты мәселе қаралды. Біз де облысымызда су тасқыны қаупінің алдын алу, апатты болдырмау шараларын жүзеге асыру жайын қарастыруымыз қажет, – деді облыс басшысы.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Алексей Советов өңіріміздегі су тасқынының алдын алу бағытындағы атқарылып жатқан жұмыс жайында жан-жақты баяндап берді. 12-19 нау-рыз аралығында облысымыздың 9 ауданында жалпы аумағы 18,2 мың шаршы метр болатын мұз алаңын жару жұмыстары жүргізілген. Ішкі істер органы төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары үшін 524 адамнан тұратын арнайы топ құрып, 109 бірлік техника дайындаса, жергілікті атқарушы органдар апаттың алдын алуға қажетті 3281 адамнан тұратын еріктілерді жасақтап, 1707 бірлік техниканы әзірлеп отыр. Сонымен бірге, апат бола қалған жағдайда адамдарды қабылдайтын 197 қабылдау қосыны да дайын. Апаттың алдын алу үшін жұртшылықты хабарландыру мақсатында төтенше жағдайлар департаментінің сайтына ақпараттар жарияланып тұрады. Оған қоса, әлеуметтік желілер арқылы да төтенше жағдай қаупіне орай ақпараттар берілуде. Жол қызметкерлері су ағатын жүлгелерді тазарту жұмыстарын аяқтады. Оның ішінде автокөлік және теміржол көпірлері бар. Бүгінгі күнге дейін облыстық маңызы бар 805 құрылғы және 44 көпір тазартылған.
Төтенше жағдайлар департаменті басшысының баяндамасынан кейін селекторлы режимде су басу қаупі бар Целиноград, Аршалы, Есіл, Атбасар және Сандықтау аудандары әкімдерінің есептері тыңдалды. Облыс әкімі жергілікті атқарушы орган басшылары мен апаттың жекелеген ұжым өкілдерінің алдына нақты тапсырмалар жүктеді. Оның ішінде жергілікті атқарушы органдардың тәулік бойы су деңгейін бақылауда ұстауы, апаттың алдын алуға қажетті шараларды жүзеге асырып, бөгеттерді көтеру, инертті заттарды, техниканы дайындау сияқты міндеттер бар. Қардың жаппай еруі наурыздың соңы мен сәуірдің алғашқы жартысында болады деп күтілуде. Облыс басшысы осы кезеңде айтып келмейтін апаттың алдын алу, оған жол бермеу шараларына жергілікті атқарушы органдар мен тиісті ұйымдар барынша жете көңіл бөлулері тиіс екендігін қатаң ескертті.

Аслан Оспанов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар