Білімді ел озады

Облыс әкімі Мәлік Мырзалин «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшідиновамен аймақтағы мектептердің білім деңгейін арттыру және тәжірибесін тарату жөнінде өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Облыстық әкімдікте өткен бұл маңызды шарада аймақ басшысы Мәлік Мырзалин «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» еліміздің білім саласын дамытуға қосып келе жатқан айтулы үлесіне тоқталып, облыс мектептері мен ұстаздарына көрсетіп жатқан методикалық көмектеріне алғыс білдірді.
Өз кезегінде басқарма төрайымы Күләш Ноғатайқызы білім саласындағы бұрынғы педагогикалық әдіс-тәсілдердің қазірде қолданылғанымен, бүгінгі күннің талабына сай оқушыларды өздігінен талдау, сын тұрғысынан ойлау, көбейту, қосу-алудан бөлек осы күнге бейімдеу секілді мәселелерге тоқталды. Әсіресе, ақпараттық технологиялардың дамыған кезеңінде жас буынды жаңа мамандықтарға бейімдеу, ІТ саласын игерту тақырыбын кеңінен баяндап берді. Әлем сарапшыларының зерттеулеріне жүгінетін болсақ, қазіргі уақытта 5 миллионнан астам адам жаңадан енгізіліп жатқан компьютерлер мен робототехникалардың арқасында жұмыссыз қалған. 2030 жылға таман 400-800 миллион адамды роботтар алмас-тыратын көрінеді. Қазірдің өзінде дүниежүзі мемлекеттерінің 9 пайызында мамандық иелерінің орнын техника алмастырған екен. Міне, болашақта балаларымыздың маңызды істермен, қоғамға қажетті мамандықтармен айналысулары, өмір сүріп жатқан қоғамына бейімделуі үшін білім берудің әдіс-тәсілдерін жаңарту қажеттігін атап өтті төрайым.
Екі жақты жасасқан меморандумның мақсаты да жас буынды білім беру кезінде дәстүрлі оқытудан бөлек сын тұрғысынан ойлауға, өздігінен талдауға машықтандыру, ол үшін оларға білім беретін қарапайым педагогтарды методикалық қолдау, яғни, олардың білім беру әдістемесін жетілдіру болып саналады. Қазіргі уақыттың өзінде Назарбаев зияткерлік мектептерінің сайтынан дәстүрлі мектептердің оқытушылары көптеген оқыту құралдарын алып, өз пәндеріне қолдануда. Бүгінде зияткерлік мектептерінің мамандары облыс мектептерінің мұғалімдерін қолдау мақсатында түрлі тренинг, оқыту сабақтарын ұйымдастырып жатыр. Облыстық әкімдік пен жоғарыда аталған басқарма арасында жасалған бұл меморандум ынтымақтастықты одан әрі нығайта түседі деген ойдамыз.

Ырысалжы Шамшиева.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар