Тағайындау

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің 2018 жылдың 29 наурызындағы өкімімен Данияр Зиябекұлы Идиятов облыстық туризм басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Данияр Идиятов 1983 жылы Көкшетау қаласында туған. Түркияда Балыкесир универсиетін қызмет көрсету саласының бакалавры мамандығы бойынша бітірген. Туризм саласында көп тәжірибесі бар маман. 2007 жылдан 2017 жылға дейін түрлі туристік компанияларда басшылық қызметтер атқарды. Тағайындалғанға дейінгі уақытта облыстық туризм басқармасы жанындағы «Туристік ақпараттық орталық» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшысы болып істеді. Түрік және ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар