Зубрлар әкелінді

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағындағы аңдар  Беларусь Республикасынан әкелінген жабайы өгіздермен, яғни, зубрлармен  толықты.

«Беловеж нуы» ұлттық саябағынан жеткізілген екі-төрт жас аралығындағы 10 жабайы өгізді «Орман шаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өздерінде өсіріп, жерсіндіру  үшін сатып алған. Олардың үшеуі аталық, жетеуі аналық зубрлар. Алдағы уақытта бұл жануарлардың саны көбейтілген соң, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының аумағын еркін мекендейтін жабайы өгіздер табыны құрылады.
Саябақ басшыларының сөздеріне қарағанда, мұның өзі ХХ ғасырдың басында толық жойылып кетуге жақын қалған зубрлардың санын біртіндеп көбейтуге мүмкіндік бермекші.
Бурабай ауданы.

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар