Суперқаһармандардың костюмін жасауда

КӨКШЕТАУ.
26 жастағы көкшетаулық Алексей Од жасап жатқан «IronMan» костюмдеріне шет елдерден сұраныс артуда. Шебер жігіттің айтуынша, алғашқы костюмді жасау үшін жаз бойы жұмыс істеуге тура келген. Оны Украина азаматына сатқан. Осыдан кейін оған пластиктен тағы екі құлтемірдің костюмін жасауға тапсырыс түседі.
Осылайша, ақырындап шебердің хоббиі табыс табатын сүйікті ісіне айналған. Оның осындай іспен айналысуына бала кезінен суперқаһармандар туралы киноларды көруі түрткі болған көрінеді. 4 жыл бұрын «Темір адам» киносын көріп, Тони Старктің костюмін жасапты. Суперқаһармандардың костюмін жасау үлкен сұранысқа ие болған. Шеберге әлемнің түкпір-түкпірінен тапсырыстар түсуде. Алексейдің жасаған темір адамдарын Ресей, Болгария, Үндістаннан да көруге болады. Тағы бірнеше костюмдерін Астана мен Алматы тұрғындары алған.
Тіпті, ЭКСПО көрмесі үшін ол көк-сары түсті костюмдер жасапты. Шебер жігіт 1 маусым – Балаларды қорғау күні өзінің темір адамының жаңа үлгілерін көрсетуді жоспарлап отыр.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар