Өнеркәсіптік қаладағы Наурыз тойы

СТЕПНОГОРСК.
Степногорлықтар биыл Наурыз мерекесін жалпы халықтық мейрам ретінде мерекеге сай безендірілген Тәуелсіздік даңғылында саланатпен қарсы алды.
Қаладағы мекемелер мен ұйымдар 15 киіз үй тігіп, асық ату, армреслинг, қазақша күрес және теңге ілу сияқты ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырды. Сондай-ақ, декоративтік-қолданбалы өнер туындылары мен мерекелік кәдесыйлардың көрмесі ұйымдастырылды. Ең үздік киіз үй байқауында «Степногорск күкірт қышқылы зауыты» ЖШС бірінші орын алса, «Астана Нан» ЖШС және денсаулық сақтау мекемелерінің киіз үйлері екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті.
Ұлыстың ұлы күніне тарту ретінде қалада «Планета Одежда и Обувь» жаңа дүкені ашылды. Шараға қатысқан қала әкімі Әнуар Күмпекеев тұрғындарды Наурыз мерекесімен, дүкен ұжымын осынау қуаныштарымен құттықтады. «Планета Одежда и Обувь» желісінің басшылығы аз қамтылған ондаған отбасыларға ақшалай сертификаттар табыс етті.

Хабарларды дайындаған Аслан ОСПАНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар