БЕЛГІЛІ ГЕОЛОГҚА АРНАЛҒАН ШАРА

Геологтар күні қарсаңында Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде әйгілі жерлес ғалым, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, профессор, Көкшетау қаласының Құрметті азаматы Айтқажы Қазбековтың туғанына 85 жыл толуына орай еске алу кездесуі өткізілді. Іс-шара «Су – жердің ең басты құндылығы» тақырыбына арналуының да тағылымдық маңыздылығын атап өту қажет.

–Біздің әкеміз Айтқажы Қазбекұлы еліміздегі тұңғыш геологтардың бірі ретінде жер қойнауын зерттеумен кешенді түрде айналысты, – деді кездесуде сөз алған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Меруерт Айтқажықызы. Бүгінгі кештің арқауы болып отырған су мәселесі оның өмірінің басты әрі маңызды бағыты еді. Мұны Көкшетау минералды суларының республикамызға кеңінен танымалдығынан да байқауға болады. Жалпы, әлем жұртшылығы 22 наурызды Дүниежүзілік су күні ретінде атап өтеді. Бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен белгіленген мереке.
–Көкшетау геологтары күнін танымал ғалым, шебер ұйымдастырушы-басшы Айтқажы Қазбековтың еңбектерімен байланыстыра мерекелейді,–деді өз кезегінде «Көкшетаугидрогеология» АҚ президенті Сергей Соловьев. Тәжірибелі басшының Тәуелсіздігіміздің елең-алаңындағы дағдарысты кезеңді еңсерудегі, біздің кәсіпорынды сақтап қалудағы еңбегі орасан. Ол өз ізбасарларының бірнеше буынын тәрбиеледі. Оның Солтүстік Қазақстанның жер асты сулары ресурстарын табу мен бағалаудағы қызметі Еңбек Қызыл Ту орденімен, көптеген медальдармен, кәсіби ең жоғары атақтармен атап өтілді. Біздің бүгінгі ұжымымыз Айтқажы Қазбекұлының өнегелі жұмысын абыроймен жалғастыра бермек.
Сондай-ақ, кездесуде ғалымның шәкірті «Көкшетаугидрогеология» АҚ вице-президенті Сансызбай Хаметов, ғалымның жары Шәми Шәбітайқызы, қарындасы Нағима Мақышева, өлкетанушы Айдос Әбутәліпов, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің аға оқытушысы Зульфия Баязитова жерлес геолог туралы естеліктерімен бөлісті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар