Жеті үй жаңартылады

Өткен жылы Державинск қаласындағы «Молодежный» шағын ауданында 75 пәтерлік бес көп қабатты тұрғын  үйді қалпына келтіру жұмыстары қолға алынған еді.

«Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасына кіретін бұл жобалар тиісті сараптамадан өтіп, қажетті қаржы бөлініп отыр. Ал, келесі алтыншы және жетінші дәл осындай тұрғын үйлерді жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттамалары әзірлену үстінде. Ауданда өткен жылы 1575 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұған қоса, биыл аудандық емханамен бірге салынып жатқан 70 кереуеттік аурухананың құрылысын аяқтап, пайдалануға беру көзделіп отыр. Таяу келешекте 280 балаға арналған бала бақша салу да жоспарда бар.

 

 

Мейіріңді қандырса

 

«Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Отрадный селосындағы су көзінен Кенский селосын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жобасы жүзеге асырылуда.

 

Бұл су жүйесінің ұзындығы 31,1 шақырым. Жоба 294,9 миллион теңгеге түсіп  отыр. Сонымен бірге, Бірсуат, Шойындыкөл, Нахимовка және Құмсуат ауыл-селоларын  сапалы ауыз сумен толықтай қамтамасыз ету  мәселесі де біртіндеп шешілу үстінде. Биыл Бірсуат ауылында жүргізілген іздестіру-барлау жұмыстарының нәтижесі бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайындалатыны белгілі болды. Гидрогеологиялық зерттеулер жүргізіліп, ұңғыманың орны анықталды. Ал, Державинск қаласындағы жер асты суларын химиялық сараптамадан өткізгенде су тұщы болғанымен, ішуге жарамсыз екені анықталды.

«Арқа ажарының» өз ақпараттары.
Жарқайың ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар