Елбасы «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды

– Біз 20 жыл ішінде Ұлы Даланың дәл ортасында бүкіл әлемге танылған жаңа әсем қала тұрғыздық. Бұл қала халқымыздың мақтанышына айналды. Әрине, бұл – қала әкімшілігінің, құрылысшылардың, сәулетшілер мен осы үдеріске атсалысқан көптеген адамның маңдай терінің жемісі. Біз биыл елордамыздың 20 жылдығын тойлаймыз. Қонақтарымыздың бәріне елорданың жиырма жылда қол жеткізген тартымдылығын, әсемдігін және тыныс-тіршілігінің жоғары деңгейде екенін көрсетуіміз қажет, – деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болған кезінде. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы елорданы абаттандыру жөніндегі жобалардың іске асырылу барысымен, сондай-ақ, қаланың инфрақұрылымдық және әлеуметтік-мәдени нысандарының құрылыс жоспарымен танысты. Астанада жаңа сәулет және логистика ғимараттарын салу кезінде қала құрылысы саласындағы әлемдік жетістіктерді зерттеп, оларды қолдану қажеттігін атап өтті. Қаладағы өмір сүру сапасы мен жайлы тұрмыс деңгейін арттыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асырудың маңызды екенін айтты. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы елорданың 20 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларды ұйымдастырып, өткізу мәселесіне баса назар аударды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар