Түзеу мекемесі алдындағы кездесу

Облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЕЦ-166/25 мекемесінде бостандыққа шыққан сотталғандардың қоғамға бейімделіп, өмірден өз орындарын табуына көмек көрсету мақсатында мамандардың қатысуымен «Қақпа алдындағы кездесу» шарасы ұйымдастырылды.

Темір тордың әр жағынан босап шыққан адамдардың бірден қоғамға бейімделіп, үйреніп кетуі қиын. Алғашқы күндері олар мына күн сайын өзгеріп жатқан заманда өздерін қалай ұстау керектігін білмей қиналады. Сондықтан, арнайы мамандардың көмегіне жүгінген абзал.
Абақтыдан босап шыққандарға кәсіби көмегін көрсетуге Көкшетау қаласының әлеуметтік бейімделу орталығының заңгері Гүлнәр Серікжанова, Зеренді ауданының жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы Елдос Ысқақов, осы ауданның пробация қызметі бөлімі бастығының міндетін атқарушы Арай Рахметова, ауданның жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды ұйымдастыру секторының меңгерушісі Татьяна Плотникова және аудандық білім, денсаулық сақтау бөлімдерінің мамандары шақыртылып, олар бостандыққа шығушылардың алдағы күндеріне бағыт-бағдар беріп, ақыл-кеңестерін айтты.
Көбіне бостандыққа шығушылардың жұмысқа орналасуы, тұрмыстық жағдайдағы қарым-қатынастарына көп мән берілді. Бас бостандығынан айыру мекемелерінен шыққан азаматтарға жұмысқа орналасу, әлеуметтік көмек алу үшін қайда баруға болатындығы көрсетілген жадынамалар ұсынылды. Сонымен бірге, сотталғандар өздеріне қатысты жеке сұрақтарын қойып, мамандардың ақыл-кеңесін алды.

Олеся ПРОФАТИЛО,
Ақмола облыстық қылмыстық
атқару жүйесі департаменті
ЕЦ-166/25 мекемесінің инспекторы,
әділет лейтенанты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар