Байланысшылар спартакиадасы

Қысқы спорт түрлерінен «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы құрылымдық бөлімшелерінің ІІ спартакиадасы болып өтті.

Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында халықтың кемінде отыз пайызы салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысуы тиіс деген міндет қойған еді. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы осы жолда ізденіс танытып келеді.  
Щучинск қаласындағы Т.Уәлиев атындағы Жақсы спорт кешенінде өткен жарысқа еліміздің барлық аймақтарынан 12 команда қатысты. Спартакиаданың ашылу салтанатында сөз сөйлеген Ақмола облыстық телекоммуникациялар дирекциясының бас директоры Асқар Нұрымжанов спорт денсаулықтың кепілі екенін баса айтты.
Шаңғыдан ерлер арасында Қостанай облыстық телекоммуникациялар дирекциясының қызметкері Дмитрий Тарасенко мәре сызығына бірінші болып жетті. Ал, әйелдер арасында жерлесіміз Динара Әнелова бас жүлдеге ие болды. Оны сөзге тартқанымызда, кішкентай кезінен бастап спортпен шұғылданатынын естіп білдік.
Бұдан соң күштік жаттығуларға кезек келіп, жарысқа қатысушылар ептіліктерін танытты. Соңғы күні шаңғышылар командалық эстафета бойынша бақтарын сынап, жалпы нәтижеде жарыс қорытындысында Солтүстік Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясы бас жүлдеге ие болды. Ал, Ақмола және Қостанай облысының командалары екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті.

Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар