Жеңіс тұғырынан көрінді

Бурабай курорттық аймағында облыстың кәсіптік және техникалық білім беретін колледждерінің арасында шаңғы жарысы ұйымдастырылды.

18 команда қатысқан сайыста Каменка агротехникалық колледжі бірінші орынды иеленсе, Щучинск педагогикалық колледжі екінші, ал, біздің педагогикалық колледж  үшінші орынға қол жеткізді. Жарыс бағдарламасында енгізілген Президенттік көпсайыста да жоғарыдағы агротехникалық колледж бас жүлдені еншілесе, Шағалалы агробизнес колледжі мен Щучинск педагогикалық колледжі екінші, үшінші орындарды бөлісті. Жекелей есепте біздің оқу орнының оқушылары Мұрат Естай мен Сәкен Сызкен жеңіске жетіп, сенім биігінен көрінді.  
Диана ЧЕБУРАНОВА,
Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжінің дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар