Дау-дамай аз болсын десек…

Ақмола облысында дау-жанжалдарды реттеу бо-йынша тұрғындарға кешенді қызмет көрсету үшін Татуластыру орталығы ашылатын болды. Осы орайда, облыстық сотпен облыстық кәсіподақтар орталығы арасында өзара әріптестік жөніндегі меморандум қабылданды.Ақмола облысында дау-жанжалдарды реттеу бо-йынша тұрғындарға кешенді қызмет көрсету үшін Татуластыру орталығы ашылатын болды. Осы орайда, облыстық сотпен облыстық кәсіподақтар орталығы арасында өзара әріптестік жөніндегі меморандум қабылданды.

Оған облыстық соттың төрағасы Дос-жан Әміров пен облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Қали Рахметов қол қойды. Меморандумға қол қою рәсіміне кәсіподақтар орталығының, әр саладағы кәсіподақтар мен облыстық соттың сот алқалары төрағалары, облыстық соттың судьялары қатысты. Бүгінгі таңда дау-ларды бейбіт түрде шешу және оның деңгейін төмендету маңызды болып отыр. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» Стратегиясында, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында және «Рухани жаңғыру» бағдарламасында тиісті сала басшыларына бірқатар міндеттер жүктеген болатын. Бұл тапсырма кеңінен талқыланып, ой елегінен өткізілді. Халықтың еңбек және басқа да дауларын татуласу тәртібімен шешетін біріккен іс-әрекеттер қабылданды.
Сот және кәсіподақтар бірлестіктері қол қойған меморандумда Татуласу орталығының жұмысын ұйымдастыру, халық арасында татуласу рәсімдері туралы насихат жүргізу, дауларды татуласу тәртібімен реттеу рәсімдері жөніндегі заңнаманы жетілдіру, медиаторларды оқыту және қызмет көрсету сапасын жетілдіру жөнінде белгіленген. Тараптар татуластыру рәсімдерін және дауларды бейбіт жолмен шешу тәжірибесін дамыту бағытында қажетті ақпараттармен алмасуға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге, қоғамдағы даулардың деңгейін төмендетуге бағытталған бірлескен жобаларға қатысуға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін жүзеге асыруды қамтамасыз етуге және басқа да бірлескен іс-шаралар өткізуді жоспарлады. Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров өз сөзінде медиацияны кеңінен қолдану және дамытудың маңыздылығын түсіндіріп, медиаторлардың қатысуымен соттарда қаралған істердің саны туралы статистикалық мәліметтер жөнінде айтып берді. Мәселен, облыстағы соттармен 2016 жылы медиация тәртібімен 3,3 пайыз,
ал 2017 жылы – 7,4 пайыз, 2018 жылдың екі айында 12,1 пайыз іс қаралған.
– Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасаудың тараптарға тиімділігі сол, олардың талап-арыз беру кезінде мемлекеттік бюджетке төлеген мемлекеттік баж сомалары қайтарылады. Мысалы, 2016 жылы – 19 002 996 теңге, 2017 жылы – 94 102 392 теңге, ал 2018 жылдың екі айында – 5 797 493 теңге мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды, – деді облыстық соттың төрағасы. Сондай-ақ, ол медиация институтын одан әрі дамыту мақсатында еңбек даулары мен жанжалдарды шешу мәселелерінде, медиаторларды оқыту және татуластыру рәсімдерінің тиімділігі мен оны насихаттауда соттар мен кәсіподақ ұйымдарының бірлескен жұмыс атқарулары қажеттілігін атап өтті. Бұдан соң «Ақмола облыстық кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Қали Рахметов пен мемлекеттік қызметкерлері кәсіптік одағының төрағасы, қалалық мәслихаттың депутаты Боранбай Бегалин сөз сөйлеп, бастапқы бірлесіп жасалған іс-қимылға сәттілік тіледі.

Рамазан Тілеуов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар