Мамандығы – мақтанышы

Көкшетау қаласындағы «Көкше нан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің наубайханасы нан өнімдерін шығарумен айналысады. Мұндағы нан пісіру жұмысы күні-түні бір тынбайды. Серіктестік өз еңбеккерлерін моральдық және материалдық жағынан қолдап отырады. Соның арқасында ынта-ықыласпен пісірілген әртүрлі нан өнімдері мен тәттілер дүкен сөрелерінде көп жатпайды. Кәсіпорында өз еңбегімен көпшілік құрметіне бөленіп жүрген жандар көп. Солардың бірі – бригадир Марат Нұрмаханов жас наубайханашыларға осы кәсіптің қыры мен сырын үйретуден бір жалыққан емес. Еңбекқор жанның бұл ұмтылысы лайықты бағаланып, талай рет Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен атап өтілді.

Суретте: наубайханашы-бригадир
Марат Нұрмаханов.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар