Баршамызға ортақ Жеңіс!

Өткен сенбіде Жеңістің 73 жылдығына орай сапарға шыққан ресейлік «Жеңіс – барлығымызға ортақ!» медиаэкспедициясы Көкшетау қаласында болып, жергілікті соғыс ардагерлері және тыл еңбеккерлерімен кездесті.

Осымен 7-ші рет ұйымдастырылып отырған «Жеңіс – барлығымызға ортақ!» медиаэкспедициясы бұл жолы Ресейдің Нижневартовск қаласынан бастау алыпты. Экспедиция құрамындағы Ресейдің округтік жастар парламентінің мүшелері бес «ГАЗ-20» және «Победа» көліктерінен құрылған кортежбен Ресейдің бірнеше қалаларын аралап, сәуірдің 20-ы күні Петропавл қаласына, одан соң Көкшетауға соғып отыр. Меймандар мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, соғыс ардагерлері және тыл еңбеккерлерімен кездесті.
Шараны ұйымдастырушы Николай Заболтневтің айтуынша, экспедиция мамырдың 9-ына дейін үш апта бойы Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің бірқатар қалаларында болуды жоспарлап отыр.
«ТМД елдерінде соғысқа қатысқан көптеген ардагерлер тұрады. Бұл шараның мақсаты –
сол соғыс ардагерлері туралы мағлұматтар жинау», – дейді Николай Заболтнев.
Көкшетаудағы жергілікті бизнес құрылымдарының өкілдері де қол ұшын созды. Көкшетау қаласындағы ағаштан әшекейленіп ойылған жиһаздар мен қазақ халқының ұлттық нақыштағы тұрмыстық және жәдігерлік бұйымдарын жасаумен айналысатын «Блэк» ЖШС өкілдері халықаралық автошеруді ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, естелік кәдесый табыс етті.
«Біз үшін бұл айтулы оқиға. Біздердің жерлестеріміз, аталарымыз, әжелеріміз Ұлы Жеңіске үлестерін қосты. Солардың ерліктері мен маңдай тері, жеңіске деген жігерлерінің арқасында ортақ жеңіске қол жеткіздік, – деп атап өтті «Блэк» серіктестігінің атқарушы директоры Роман Никитенко.
Бұдан соң «Жеңіс – барлығымызға ортақ!» медиаэкспедициясы Астана қаласына аттанды.

Аслан Оспанов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар