Ауыл шаруашылығы толық цифрландырылады

Мемлекет басшысының ел халқына арнаған Жолдауына орай, Ақмола облысында ауыл шаруашылығы өндірісін цифрландыру бойынша бірқатар міндеттер жүзеге асырылуда.

Алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесі көрсеткендей, цифрлық технологияны енгізу агроөндірістік кешенді қайтадан құруға ықпал етіп, еңбек өнімділігін көбейтуге және өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын өсіру есебінен экономика секторын дамытуға жол ашады. Облыста биылғы жылы minagro.kz веб порталы арқылы электрондық түрде өтінім беру мен субсидия төлеуді аудару үрдісі басталды. Енді ауыл шаруашылығы та-
уарларын өндірушілер үшін жүздеген шақырым жол жүріп, өтінімді қолма-қол тапсыру қажеттілігі жоқ.
Барлығы цифрлық форматта аударылады. Өңірде нақты жер өңдеуді дамытуға бағытталған алқаптардың электрондық картасын құру бойынша жұмыс басталды. Бүгінгі күні өңірдің 1393 жер пайдаланушылары 3006,1 мың гектар алқапты цифрландырды. Бұл цифрландыруға жататын алқаптың 52,4 па-йызы деген сөз. Нақты жер өңдеу технология-
сын енгізу бойынша Целиноград ауданындағы «Родина» агрофирмасы», Жақсы ауданындағы «Белағаш», Бұланды ауданындағы «Журавлевка-1» серіктестіктеріндегі базалық кәсіпорындар және мал шаруашылығында смарт-ферма технологиясы бойынша өнім өндіретін Целиноград ауданындағы «Родина» агрофирмасы», Бурабай ауданындағы «Есіл агро», Ақкөл ауданындағы «Еңбек» серіктестіктеріндегі кәсіпорындар анықталды. Жақын арада облыстық әкімдік пен С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті арасында облыстағы ғылым және агроөнеркәсіп кешенін инновациялық дамыту жөніндегі қол қойылған меморандум аясында цифрлық біліктілік пен нақты жер өңдеу технологиясын оқыту бойынша біліктілікті арттыру және шаруашылықтардың мамандарын даярлау курстарын өткізу жоспарлануда.
Сондай-ақ, егіншілікке цифрлық технология-ны қолданып, онлайн-бақылау жүйесін және дала жұмыстарын есептеуді, GPS қондырғысын енгізу жөнінде бірқатар жобалар жүзеге асырылады. Жалпы, цифрлық технологияны енгізу дала жұмыстарын жүргізудің агротехникасы бойынша жедел оң шешім қабылдауға, жанар-жағар майды үнемдеуге, тыңайтқыш пен гербицидтерді тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл жай астаналық өңірдің ауыл шаруашылығы өнімі өндірісін нақты өсіруге ықпал етеді.

Ержан БЕКТҰРОВ,
облыстық ауыл шаруашылығы
басқармасының бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар