Сахара шөлін бағындырды

Кәсіпкер, әуесқой спортшы және «Iron City Kokshetau» марафоншылар, триатлеттер клубының негізін қалаушы көкшетаулық Зауырбек Аяған Сахара шөлінде өткен «Marathon des Sables» марафонына қатысып келді. Аталмыш марафонға еліміздің атынан қатысқан жалғыз өкіл де өзі.

Зауырбек Аяған үшін 250 шақырымға созылған құмдағы марафон ең қиын және ұзақ марафондардың бірі болды. Алты күн бойы жерлесіміз ондаған шақырымды басып өтіп, Сахара шөлінде ұзақ қашықтықты бағындырды. Бұдан бұрын ол Біріккен Араб Әмірліктерінде, Берлин, Мәскеу, Астана қалаларында өткен марафондарға қатысқан болатын. Ал, осы жазда Ironman 70.3 Astana марафонына қатыспақ. Жаттықтырушысы триатлоннан халықаралық санаттағы спорт шебері Сергей Приходько.
Айта кетейік, «Marathon des Sables» алғаш рет 1986 жылы өткізілген екен. Бүгінде оны Сахара шөліндегі Марокко елінде жыл сайын өткізу берік дәстүрге айналған. Марафонның биылғы жылғы қатысушысы Зауырбектің алға қойған мақсаты зор. Әуесқой спортшының облыс орталығын сыртқы бітім ажары ғана емес, ішкі жан дүниесі де төзімді, мықты, дені сау тұрғындардың қаласына айналдырамын деген ниеті қандай жақсы.
Махаббат БОЛЬШИНА,
Ақмола облыстық дене шынықтыру
және спорт басқармасының
баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар