Ақмоланың еңбек тарланы

Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, білім беру саласының үздігі Қадиша Әмірханқызы Өмірбаеваның ұстаздық жолы бүгінгі жас ұрпаққа өнеге бола алады. Ақмола облысының білім беру саласын дамытуға зор үлесін қосқан ол өзінің бар саналы ғұмырын орыс мектептерінде қазақ тілінен сабақ беруге арнады. Кезінде қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне үйретудің көптеген ерекшеліктері де, өзіндік қиыншылықтары да болған еді. Міне, соған қарамастан Қадиша Өмірбаева орыс сыныптарына қазақ тілін оқытып, үйретудің әдістемесін өзі жасап, бұл әдістемені сол кезде Ақмола облысының барлық мектептері пайдаланған-ды. Кейін тәжірибелі ұстазды Целиноград ауыл шаруашылығы институты да қазақ тілінен дәріс беруге қалап алып, Қадиша Әмірханқызы мектептегі сабақтарынан кейін жоғары оқу орнының студенттеріне де сабақ беріп жүрді. 1984 жылы суреті Ақмола облысының еңбек озаттары тақтасына да ілініп, зор абыройға бөленді. Іскер ұстаз кейін Ақмола облыстық білім беру басқармасында әдіскер болып қызмет жасады. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, Елбасының саясатын жастарға, мектеп оқушыларына түсіндіру жұмыстарының бел ортасында жүреді. Қоғамдық белсенділігі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің екі мәрте Алғыс хатына ие болды. Тәжірибелі ұстаз, еңбек ардагері қазір Астана қаласында тұрады.
Суретте: білім беру саласының үздігі, еңбек ардагері Қадиша Әмірханқызы Өмірбаева.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар