«ЖЕТІСУДЫ» ЖЕҢДІ

Наурыздың 21-і күні Астана-дағы «Астана-Арена» стадионында Көкшетаудың «Оқжетпес» және Талды-қорғанның «Жетісу» командалары премьер лигадағы кезекті кездесуін өткізді. Ойынды облыс әкімі Сергей Кулагин тамашалады.

Екі команданың бұл жолғы кездесулерінің өз алаңдарының бірінде емес, Астанада өтуінің себебі, солтүстік өңірдегі стадионның әзірге жарыс өткізуге дайын болмағандығынан. Әрине, сырт алаңда ойнау қай командаға болсын оңай еместігі белгілі. Ал, бұл жолы олардың мүмкіндіктері бірдей болуға тиіс еді. Дегенмен, Елордамыздың Көкшетауға жақын орналасқандығы мен Елорда маңындағы Ақмола облысына қарасты елді мекендердің көп болуы «Астана-Аренада» «Оқжетпес» командасының жанкүйерлерінің көп болуына мүмкіндік берді. Мәселен, стадионда Қорғалжын, Целиноград аудандарының қалаға жақын орналасқан ауылдарынан келген жанкүйерлер үнемі «Оқжетпеске» дем беріп, олардың жіті қимылдауларына ықпал етті деуге әбден болады. Сондай-ақ, стадионға облыс басшылары да келіп, өз командаларын қолдап отырғандығы да жігіттерге жігер берсе керек.
Содан да болар, «Оқжетпестің» жігіттері алғашқы минуттардан-ақ, өз алаңдарында ойнап жүргендей әсерде қалдырды. Алма-кезек шабуылмен басталған ойында көкшетаулық футболшылар белсенділік танытқанымен есеп ашыла қоймады. Мұнан соң команда капитаны Әлібек Бөлешевтің алыстан  ұрған добы қақпа бағанасына соғылып, біздікілер бұрыштама добын ұруға мүмкіндік алып еді. Команда капитанының өзі ұрған добы бұл жолы да қақпаға дарымады. Өкінішке орай, ойынның бірінші жартысында  «Оқжетпестің» 21-ші нөмірлі ойыншысы жарақат алып, ойыннан шығуға мәжбүр болды. Оның орнына алаңға шыққан ойыншы да көп ештеңе өзгерте алған жоқ.
Ойынның бірінші жартысы осылайша тең аяқталды. Абырой болғанда, екінші таймда «Оқжетпес» белсенділік танытып, «Жетісу» командасының қақпасына екі гол соқты. Гол авторлары – Лука Роткович пен Әлібек Бөлешев.  Сонымен, «Оқжетпес» қатарынан үшінші ойынын жеңіспен аяқтап, турнир кестесінің екінші сатысына көтерілді.
Астана

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар