Өткеннің өнегесі өрістетіліп, тәжірибе алмасылды

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және Астана қаласының 20 жылдығын атап өту шеңберінде мәдениет және өнер саласының қызметкерлері арасында «Рухани қазына» атты аудандық фестиваль болып өтті.

Фестивальдің мақсаты – мәдениет және өнер саласындағы қызметкерлердің өзара тәжірибе алмасуы, қазақстандық патриотизм мен ұлттық-мәдени бірлікті дамыту, ұлттық мәдениетімізді насихаттау және аймақтық мәдениет ұйымдарының имиджін қалыптастыру болып табылады. Фестиваль барысында пленарлық мәжіліс, шеберлік сынып ұйымдастырылып, қатысушылар назарына «Рухани жаңғыру» тақырыбындағы көрме ұсынылды.
Секциялық жұмыстар кезінде ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі Алтыншаш Көпжетерованың «Рухани қазына» кіші бағдарламасының орындалуы жөніндегі баяндамасы тыңдалды. Сондай-ақ, Алакөл ауылдық клубының ұйымдастырушысы Гүлжан Әшімова мәдени-демалыс орталығының жұмысы туралы айтса, Евгений Минич Егіндікөл ауданында жастар театрын ашу жөніндегі ойымен бөлісіп, шеберлік сынып көрсетті.
«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Роберт Муллаянов Елбасы Н.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» туралы үндеуінің мән-маңызы жайында кеңінен әңгімелеп берді.
Фестиваль соңында аудандық мәдениет үйінде ауылдық клубтар мен мәдениет үйлерінің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен есептік концерт өтіп, ауданның мәдениет саласына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар Егіндікөл ауданы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Алтыншаш КӨПЖЕТЕРОВА,
Егіндікөл ауылының тұрғыны.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар