Жастар таңдауы

«Қазақстан – 2050» жалпыұлттық қозғалысының бастамасымен «Тәуелсіздік» алаңында «Сенің дауысың – сенің тағдырың!» атты  флешмоб өткізілді.

  Жастарды алдағы Президенттік сайлауға белсене қатысуға шақырған бұл шараға 1,5 мыңнан астам ақмолалық жас қатысты.
Жаһандағы шиеленіскен геосаяси жағдай мен экономикалық дағдарыстың бізге ықпалының аз болуы елді қандай Көшбасшының басқаратындығына тікелей байланысты.  Өз елінің тағдырына бейжай қарамайтын әрбір жас 26 сәуірде өтетін Президенттік сайлауға белсене қатысып, өз таңдауын жасауға тиіс. Тұстастары алдында сөз алған «Қазақстан – 2050» жалпыұлттық қозғалысының  облысымыздағы үйлестірушісі Гүлім Бегалина мен  самбодан еліміздің бірнеше дүркін чемпионы, әлем және Азия біріншіліктерінің жүлдегері, қазақ күресінен «Ақмола барысы» Нұрлан Жамалов  шараның осындай мақсатта өтіп отырғандығын тілге тиек етіп, қатарластарын тағдыршешті саяси оқиғадан  қалыс қалмауға шақырды.
Бұдан соң флешмобқа қатыс-қан жастар арнайы баннерге өз қолтаңбаларын қалдырды. Ақмолалық жастардың   сайлауға қатысуға ынталы екендігін білдіретін бұл баннер енді аталған жалпыұлттық қозғалыстың орталық штабына жіберілетін болады. Осы орайда, республика бойынша өткізіліп жатқан осынау шараның эстафетасын біздің өңірдің Алматы облысынан қабылдап алғандығын айта кетейік. Енді ол Алматы қаласында жалғасын таппақшы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар