«Smart Aqmola» жобасының пайдасы көп

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру барысы талқыланған мәжіліс өтіп, онда өңірде қолға алынған «Smart Aqmola» жобасы таныстырылды.

«Smart Aqmola» жобасы цифрлы технологияны қолдану арқылы «Ашық әкімдік», «Smart денсаулық сақтау», «Smart білім», «Smart agro», «Smart көлік», «Smart ТКШ», «Қауіпсіз қала», «Инновациялық алаң» бағыттары бойынша дамудың жаңа жолына шығуды қамтамасыз етеді. Мәселен, Жол картасы шеңберінде білім беру саласын цифр-
ландыру негізінде балабақша кезегіне тұру, электронды журнал мен күнделік жүйесін қолдану, компьютер және мультимедиалық техникамен 100 пайыз қамтамасыз ету арқылы автоматтандыру жүйесін енгізу жоспарланған.
Сонымен қатар, өңірде медициналық қызмет сапасын арттыру бағытында автоматтандыру үрдісі қолға алынуда. 2018 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап, Ақмола облысында қағазсыз медициналық құжаттама пилоттық жобасы жүзеге асырыла бастады. Кешенді медициналық-ақпараттық жүйе шеңберінде науқастың электронды кабинеті және денсаулығының электронды төлқұжаты енгізілген. Осы арқылы кез-келген науқас онлайн режимде дәрігердің қабылдауына жазылып, талдау және диагностикалық қызметтің нәтижесімен таныса алады. Оған қоса, әркім өз денсаулығы, дәрігерге бару қажеттігі туралы мәліметтер алып, скринингтен немесе кәсіби қабылдаудан өтуіне болады. «Smart Aqmola» жобасы арқылы Ақмола облысының кез-келген тұрғыны тиісті органдарға толғандырған сауалын жолдап, қажетті жауабын алуларына мүмкіндіктері бар.
Ақылды аймақты қалыптастырудағы басты мақсат – қызмет сапасын арттырып, адамдар мен бизнеске қолайлы жағдай жасау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрғындар мен ұйымдардың мемлекеттік құрылымдармен байланысын нығайту. Жоба бюджет шығынын азайтуға және мемлекеттік қызмет тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар