Спортты дамытуға жете көңіл бөлінеді

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша федерациялардың басшыларымен кездесіп, өңірде спортты дамыту мәселелерін талқылады және алдағы міндеттерді белгіледі.

Бүгінгі таңда облысымызда спорттың 96 түрі тіркелген екен. Оның 34-і олимпиадалық, өзгесі олимпиадалық емес спорт түрі. Қазір 57 спорт түрі бойынша федерация жұмыс істеуде. Оның ішінде 24-інің президенті бар. Қалған спорт түрлері бойынша федерация президенттері алдағы уақытта сайланады. Облыста триатлон, бокс, шаңғы, биатлон, хоккей, армрестлинг сияқты спорт түрлері қарқынды дамыған. Бірақ, кенже қалып отырған кейбір спорт түрлері қолдауды қажет етеді. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Надежда Патюткина айтып берді.
«Әлем, Азия біріншіліктеріндегі ақмолалық спортшылардың көрсеткіштері жақсы. Қазіргі күні 57 спорт түрі бойынша федерация жұмыс істесе, оның ішінде 24-інің президенті бар. Олар өздеріне сеніп тапсырылған спорт түрлеріне қолдау көрсетіп, оның дамуына барынша атсалысуда», – деп атап өтті басқарма басшысы.
Облыс әкімінің орынбасары Василий Крылов пен велоспорт спортына демеушілік танытып жүрген азаматтар Көкшетау қаласындағы олимпиадалық резервтер даярлайтын облыстық мамандандырылған №7 балалар мен жасөспірімдердің мектеп-интернатының тəрбиеленушілеріне 10 спорттық велосипед, 90 дана киім үлгілері жəне өзге де спорттық құрал-жабдықтарды сыйға тартты. Осы киіммен облыстың велошабандоздары республикалық жарыстарға қатысатын болады. Ал, спорттық би федерациясы тарапынан Көкшетау қаласында 40 бала тегін жаттығуы үшін балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінің жаттықтырушысына айлық төлеу енгізілді.
Сонымен қатар, «Мерген» спорт клубында жаттығатын мүмкіндігі шектеулі спортшылардың спорттық нысандарға қолжетімділігі туралы да айтылды. Кездесуде әр спорт федерациясының президенттері сөз алып, өздеріне жүктелген спорт түрлерін дамыту бойынша өңір басшысына сауалдарын қойып, ұсыныс-тілектерін ортаға салды. Бұған қоса, алдағы уақытта облыс аумағында өтетін халықаралық және республикалық деңгейдегі спорттық жарыс-тарды ұйымдастыру мәселесі де сөз болды.
Кездесуді қорытындылаған облыс әкімі М.Мырзалин жауапты тұлғаларға спорттық жарыстарды ұйымдастыруда жауапкершілік танытып, олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлерін дамытуға әкімдік тарапынан қолдау болатынын атап өтті.

Аслан Оспанов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар