Әркімнің айтар бір жайы бар

Жуырда Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің инспекторы Қалдыбек Бәйімбетов партияның қоғамдық қабылдауында ақмолалықтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, олардың мұң-мұқтажын тыңдады.

Сол күнгі қабылдауға келгендердің дені Бурабай ауданының азаматтары болды. Олар тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына шағымданды. Пәтер кезегінің жылжыма, баспаналары апатты деп танылғанымен, көп жылдан бері үйсіз жүргендер. Осы мәселенің ішінде қабылдауға келген екі адам назардан тыс қалмады. Оның біреуі 6 баланың анасы, бүгінде Көкшетаудың іргесіндегі «Нұрлы көште» пәтер жалдап тұрып жатқан Гүлмира Галимова. Гүлмира 7-інші сәбиін күтіп отыр. Күйеуі – малшы. 6 қызы мектеп жасында, бәрі де сабақтарын жақсы оқиды. «Нұрлы көштен» 20 мың теңгеге үй жалдап тұрып жатқан оларды үйдің иесі тез арада пәтерін босатуын талап еткен. Амалы таусылған отанасы көмек сұрай келіпті. Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Иван Юрченко бұл отбасы пәтер кезегінде 2941 болып тұрғандығын айтып, тек заң жүзінде ғана көмек көрсетілетінін жеткізді. Галимовтар отбасы жер берсе, мал өсіріп ауылға барып тұруға да әзір. Үйсіз, үнемі көшіп-қонып шаршаған отбасына көмектесудің бір амалын тауып беруге уәде беріп, көпбалалы ананы жұбатып шығарып салды. Ал, Зеренді ауданының Еленовка ауылынан келген Есім ата осы елді мекеннің атауын өзгерту қажеттігін айтты.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын оқып, орысша атаумен аталған біраз елді мекеннің атауы қазақшаланып, ұлттық санамызды дүр сілкіндірген жаңалыққа жаным қуанды. Осы жұмысты қолға алуымның себебі, бүгінде 380-нен астам үйі бар, оның 90 пайызында қазақтар тұрып жатқандықтан Еленовка атауын қазақшалауды сұрап келдім», – дейді ауыл ақсақалы Есім Хасенов.
Мемлекеттік инспектор елді мекен, жер-су аттарын тарихи атауларымен атау әділдік болатынын айтып, аудан әкімі Мереке Мұстафинмен хабарласты. Екі сағаттан астам қабылдау жүргізген Қалдыбек Бақтыбайұлы әр өтініш иесінің сұрағы жеке бақылауында болып, 30 күннің ішінде нақты жауап берілетіндігіне сендірді.

Динара ДҮЙСЕН,
«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар