Құс өсіру қарқын алды

Облысымызда құс шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Өткен жылы өңірде жұмыртқа өндірісі 793,6 миллион данаға жетсе, құс етінің өндірісі 181 мың тонна немесе 2016 жылмен салыстырғанда 135 пайызды құрады.

Соңғы бірер жылда мемлекет тарапынан бөлінген қолдаудың арқасында облыста құс шаруашылығы саласында ілгері жылжушылық байқалады. Біржан сал ауданындағы «ҚазГерҚұс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыртқа өндірісін жылына 312 миллион данаға дейін жеткізді. Бурабай ауданында жылдық қуаты 100 миллион дана жұмыртқа шығаратын кәсіпорын құрылды. Былтыр жылдық қуаты 68 миллион дана жұмыртқа өндіретін «Целиноград құс фабрикасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кәсіпорны іске қосылды. Сондай-ақ, «Капитал Проджект ЛТД» (жылдық қуаты 20 мың тонна құс еті) және «Астрахан құсы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері (жылдық қуаты 3 мың тонна құс еті) өндіріс қарқынын арттыруда.
Құс шаруашылығы өніміне әлемдік нарықта сұраныстың артуына байланысты Бұланды ауданында еліміздегі ең ірі құс фабрикасы «Макинск құс фабрикасы» серіктестігінің құрылысы жүргізілуде. Фабриканың қуаты жылына 60 мың тонна құс етін өндіруге мүмкіндік береді. Бірінші кезең бойынша жылына 4 мың тонна құс етін өндіретін кәсіпорынды ағымдағы жылы іске қосу көзделген. Ал, толық қуатына 2020 жылы шығу жоспарланған. Осындай нәтижелі жұмыстардың арқасында облыс 2020 жылдары құс етін өндіру көрсеткішін жылдық қуаты бойынша 80 мың тоннаға дейін жеткізуді межелеп отыр. Бұл импортты алмастырып, экспорттық әлеуетті арттырады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар