Баспана қуанышы

Көкшетау қаласында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары жаңа пәтердің кілтіне ие болды.

Аталмыш банктің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, өткен сенбі күні пайдалануға берілген тоғыз қабатты екі тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Центральный шағын ауданында салынған.
«Пәтер кілтіне ие болғандардың барлығы банк салымшылары. Бүгін кезекте тұрған тұрақты салымшыларымызға жаңа 90 пəтердің кілтін беріп отырмыз. Жыл соңына дейін тағы 160 пəтер тапсыру жоспарда бар», – деп түсіндірді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Ақмола облыстық филиалының директоры Алмат Нұрахметов.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар