Тағайындау

Облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің өкімімен Азамат Сағынбаев облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Азамат Сағынбаев 1980 жылы Целиноград қаласында туған. Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін мал шаруашылығының менеджері мамандығы бойынша бітірген. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің технологияларды және мал шаруашылығының өнімдерін стандарттауды зерттеу кафедрасында тәлімгер болып бастады. 2008-2010 жылдары «Асыл түлік» акционерлік қоғамында жұмыс істеген. 2010-2014 жылдары «КазАгроПродукт», «КазАгроМаркетинг», «КазАгроИнновация» акционерлік қоғамдарында жауапты қызметтер атқарған. 2014-2017 жылдары «Мал шаруашылығы мен мал дәрігері саласының ғылыми-инновациялық орталығы» серіктестігінің бас директоры болды. Тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы мал шаруашылығы департаментінің директоры қызметін атқарды. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар