Тағайындау

С.Смағұлов 1959 жылы туған. Ол бұрынғы Көкшетау облысының тумасы. 1981 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын орыс тілі мен әдебиеті, тәрбие жөніндегі методист мамандығы бойынша бітірген.
С.Смағұлов баспасөз саласында үлкен тәжірибе жинақтаған журналист. Ол Көкшетау облыстық «Степной маяк» газетінде 10 жылдан астам жұмыс істеді. Сондай-ақ, жергілікті «Оқжетпес», «Курс», «Любимый город», «Степной маяк» және республикалық «Республика КZ» газеттеріне басшылық жасады. Бұған қоса, әр жылдары облыс әкімдігінде кеңесші, облыс әкімінің көмекшісі, баспасөз хатшысы, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, Егіндікөл ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.
Осы тағайындауға дейін облыстық «Акмолинская правда газетінде» жұмыс істеді.
Қазақстан журналистер Одағының мүшесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар