Бурабай тау шаңғысымен де тартымды болады

Кеше Бурабайда бұл мәселені Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин әлемнің жетекші тау шаңғысы PGI Management консалтингтік компанияның президенті Жуан Виладомат Кортабитартемен талқылады.

Кездесу барысында тараптар келісімге келді. Маусым айынан бастап компания Бурабай аумағында әлемдік деңгейдегі тау шаңғысы курортын дамытудың мүмкіндіктерін зерттейтін жұмысын бастамақ.
– Біздің командамыз бизнес концепциясын түзуден бастап, жобаның құрылысына дейінгі қызмет көрсете алады. Сонымен бірге, жергілікті мәдени ерекшеліктерді ескере отырып, бизнесті дамытуға және техникалық қызмет көрсетуге мүмкіндігіміз бар. Үш құрылықтағы 15-тен астам мемлекетте жұмыс істейміз, – деп атап өтті Жуан Виладомат.
«PGI Management» компаниясының тау шаңғысы курорттарын басқару жүйесіндегі әлемдік жетекші екендігін және оның ішінде еуропадағы ең үздік «Гранвалира» бар екендігін атап өтуге тиіспіз.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар