Ынтымақты ықылас

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалин Қазақстандағы Польша Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Селим Хазбиевич және Сейм депутаттарымен кездесіп, экономикалық және әлеуметтік мәдени ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың жаңа мүмкіндіктерін қарастырды.

Ақмола облысының әкімі М.Мырзалин Қазақстандағы Польша Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Өңір басшысы делегация мүшелерін Арқа жеріне келуімен және Польша Республикасы тәуелсіздігінің 100 жылдығымен құттықтады. «Облыс жедел даму үстіндегі аграрлық-индустриялық өңір саналады,-деді ол. Көлік-транзиттік әлеует, пайдалы қазбалардың мол қоры, туризм индустриясы инвестициялық тартымдылыққа ие. Облыс жыл сайын әлемнің 32 мемлекетіне 2 миллион тонна астық экспорттайды. Польшамен сыртқы сауда айналымы 2016 жылмен салыстырғанда 2,7 есе өсті. Алдағы уақытта экономика мен әлеуметтік саясаттағы ынтымақты байланыс өсе түседі деген ниеттеміз».
Польша Республикасының Қазақстандағы елшісі Селим Хазбиевич жылы жүзді қабылдау үшін облыс әкіміне алғысын білдірді. Сондай-ақ, Польша Сеймінің шетелдегі қандастармен байланыс комиссиясының төрайымы Анна-Шмидт Родзевич ұлтаралық қатынастарды жандандыру туралы пікірін ортаға салды.
Польша делегациясының 15 адамнан тұратын құрамы «Қоғамдық келісім» үйінде жергілікті поляк қауымдастығының өкілдерімен кездесіп, Ақмола ассамблеясының жұмысымен танысты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар