Тағайындау

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен Марат Қадырұлы Сырлыбаев Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік университетінің ректоры болып тағайындалды.

Марат Сырлыбаев 1963 жылы туған. Үш жоғары білімі бар. С.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін, Қазақ Мемлекеттік басқару Академиясы жанындағы нарық институтын, Қазақ Ұлттық аграрлық институтын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.
1985-1991 жылдар аралығында А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық университетінде содан кейін Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарих кафедрасында оқытушы болды. 1995-1997 жылдары Орталық Азия Банкісінің Әлемдік Қаржы институттарымен байланыс және олардың қызметін талдау департаментінде, Қазақстан Рес-публикасы Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі комитеттің шаруашылық серіктестіктері басқармасында қызмет етті. 1998-2008 жылдар аралығында «Кітап әлемі» акционерлік қоғамының вице-президенті, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің жалпы және шаруашылық өндірістік мәселелері жөніндегі проректорының орынбасары, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің оқу-шаруашылық басқармасының бастығы, экономикалық мәселелер жөніндегі проректоры болды. 2008 жылы Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің ішкі аудит басқармасының бастығы, осы министрліктің стратегиялық жоспарлау мен талдау департаменті стратегиялық жоспарлау басқармасының бастығы қызметін атқарды. 2010-2011 жылдары «Мал өнімдері корпорациясы» акционерлік қоғамы төрағасының қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің қаржы-экономикалық қызметінің жетекшісі болды. Тағайындауға дейін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің қаржылық-шаруашылық мәселелері жөніндегі проректоры болды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар