«A day in Burabay» фотоальбомы жарық көрді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры шығарған Бурабай ұлттық паркіне арналған «A day in Burabay» бірегей фотоальбомының облыстық әкімдікте таныстырылымы болып өтті.

– Біз бұл фотоальбомды Бурабайдың бірегей табиғи ерекшелігін әлемге көрсету үшін шығаруды ұйғардық. Мемлекет басшысы осы өңірде болған кезде оның сұлулығына әрдайым таң қалады. Бурабай өңірі Абылай ханмен байланысты ұлы тарихқа ие. Осы өңірге байланысты көптеген әсем аңыздар да бар. Жаңа фотоальбом қазақстандықтардың және шетелдік туристердің назарын Қазақстанның інжу-маржанына аудара алады деген сенімдеміз, – дейді ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры атқарушы директорының кеңесшісі Әлия Қайшарова.
Қор өкілінің айтуынша, осы фотоальбомның негізінде Астананың 20 жылдығына арналған «A day in Astana» және «Астана – Ұлы даланың жауһары» фотоальбомы да-йындалды. Көрме-таныстыру шарасы Мәскеуде, Санкт-Петербургте, Мадридте, Алматы мен Астана қалаларында өтті. Таяу күндері көрмені Тараз қаласының тұрғындары да тамашалай алады.
Мәселен, Ақмола облысын-дағы балалар «Көшбасшы жолы», сондай-ақ, алғашқы балалар параолимпиадасы сияқты қор жобаларына қатысуда. Ардагерлерге қолдау көрсетуге бағытталған әлеуметтік шаралар жыл сайын Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде, соның ішінде Ақмола облысында да өткізіліп тұрады.
Биыл Бурабайда транс-шекаралық ынтымақтастық, IT және нанотехнологияларды дамыту бойынша BURABAY FORUM II Халықаралық Жас ғалымдар форумы өтеді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ҚР Тұңғыш Президенті Қоры Қазақстанның қасиетті жерлері туралы әңгімелейтін «Qazaq quest» Интернет-хабарламасы, Астана мен Бурабайға арналған фотоальбомдар, «Астана – Ұлы даланың жауһары» сияқты жобаларды іске асырды.
Таяуда әлеуметтік желілерде қордың «Qonaqjai Elim» Интернет-жобасының бірінші эпизоды шықты. Онда Қазақстанның көпұлтты халқы туралы баяндалады. Жоба барша қауымды Қазақстанда бейбіт өмір сүріп жатқан әртүрлі ұлттардың дәстүрі, әдет-ғұрпы және тұрмысымен таныстырады.
Бұған қоса, еліміздің вундеркинд балалары және қазақстандық қаһармандары туралы «Wunder Qazaqstan» және «Qaharman Qazaq» Интернет-жобалары әзірленуде.

«Арқа ажарының»
өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар