Туризм табысты салаға айналып, орман және дала өрті азайып, елді мекендер көркейе берсін

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен өткізілген кезекті әкімдік отырысында өңірдегі туризм саласын дамытудың қазіргі және алдағы міндеттері, жаз айларында орман және дала өртінің алдын алу мәселесі талқыланып, елді мекендерді көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазарту айлығының қорытындылары шығарылды.

Әдеттегідей бұл жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, аудан және қала әкімдері, департаменттер мен басқармалардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Әкімдік отырысында облыстық экономика және бюджеттiк жос-
парлау басқармасының басшысы болып тағайындалған Қанат Дүзелбаев таныстырылды.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бо-
йынша облыстық туризм басқармасының басшысы Данияр Идиятов хабарлама жасап, өңірдің туристік кластеріне 700-ден астам кәсіпорын кіретіндігін айтты. Туристік қызмет ұсынатындар негізінен шипажай-сауықтыру орындары, ұлттық парк және туристік фирмалар. «Көкшетау», «Бурабай», «Бұйратау» және «Қорғалжын» қорығы ЮНЕСКО-ның табиғи мұралар тізіміне енді. Жалпы, өңірде туризмді дамытуға Щучинск-Бурабай курортты аймағы зор серпін беріп отыр. Солардың арасында бес жұлдызды «Burabay Lakes Resort Hotel» туристік қонақ үй кешені, «Оқжетпес» шипажайы, «Көкшетау» парк отелі және Қазақстан Лап-
ландиясы тәрізді туристік нысандар бүгінгі күні еліміздегі демалыс индустриясының көшбасшысы ретінде кеңінен танылып, өңір мақтанышына айналды.
– Щучинск-Бурабай курортты аймағын дамыту бойынша жол картасы әзірленді. Курортты аймақты дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған жоспары 4 бөлім және 34 іс-шарадан тұрады. Оның ішінде инфрақұрылымдық және экологиялық мәселелерді шешу, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және аймақтың туристік әлеуетін дамыту бойынша бірқатар шараларды жүзеге асыру жоспарланған. Щучинск-Бурабай курортты аймағын дамыту шараларын іске асыруға 61,4 миллиард теңге көлемінде қаржыландыру қарастырылған, – деді өз сөзінде басқарма басшысы.
Щучинск-Бурабай курортты аймағын дамыту бойынша бағдарлама қолға алынғалы бері жүздеген инфрақұрылым нысандары қалпына келтіріліп, мыңдаған жаңа жұмыс орны ашылды. Осының арқасында аймаққа демалуға келетін туристердің де саны артып келеді. Өткен жылдың қорытындысы бо-
йынша 10 жаңа туристік нысан ашылып, 5,6 миллиард теңгенің қызметі көрсетілді. Бұл тұрғыда «Visit Aqmola» туристік ақпараттық орталығы белсенділік танытып отыр. Қазіргі уақытта өңірде қысқы, жазғы және экологиялық туризмді дамыту үшін автокөлік жолдарына жөндеу мен жаңарту жұмыстары жүргізілуде, инженерлік коммуникациялар жаңартылып, экологиялық проблемалар шешімін табуда. Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша жарыссөзде Бурабай ауданының әкімі Қанат Қарауылов, Зеренді ауданының әкімі Мереке Мұстафин және Целиноград ауданының әкімі Мәлгаждар Тәткеев сөз сөйлеп, атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
Осы маңызды мәселеге орай облыс әкімі М.К. Мырзалин қалалар мен аудандардың әкімдеріне ынталы мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, туристік нысандардың инфрақұрылымдарын қажетті жабдықтармен жабдықтап, көркейтіп, жолдарын дұрыстауды, жол бойындағы қызмет көрсететін орындардың да талапқа сай
болуын тапсырды.
Ал, жазда өртке қарсы күрес мәселесіне келетін болсақ, биылғы жыл басынан бастап осы мақсатта кешенді шаралар жүйесі қолға алынды. Соның ең бастысы, қаңтар айында облыс әкімдігі тарапынан қауіптің алдын алу және жоюға қатысты міндеттерді белгілеген арнайы қаулы қабылданды. Осыған орай, департаменттер мен басқармалардың және облыстық орман шаруашылығы және жан-
уарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бірлескен іс-әрекет жоспары жасалды. Бұл туралы Ақмола облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Манарбек Шапағатов айтып берді.

(Соңы. Басы 1-бетте).

Қазір облыстағы мемлекеттік орман қорының көлемі 1057,8 мың гектарды құраса, оның 380,3 мың гектары орманды алқаптар. Жыл басынан бері жалпы аумағы 28,3 гектар аумақта 8 орман және дала өрті тіркелген. Өрт оқиғасы өткен жылмен салыстырғанда көп болғанымен, гектарға шаққандағы аумағы 30 пайызға кем. Орман өртін алдын алу бағытында ерікті жасақтар құрылып, қажетті құралдармен жабдықталды. Облыс аудандарында қазіргі уақытта 208 осындай жасақтар құрылды, олардың құрамында 1574 адам топтастырылды. 95 өрт сөндіру техникасы, әртүрлі 347 техника, 60 моторлы су тартқыш қажет жағдайда іске қосылуға дайын тұр. Сонымен қатар, осы мәселе бойынша облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Көшекбай Біржекеевтің баяндамасы тыңдалды. Жалпы, жиында айтылғандай, аудан және қала әкімдіктері тарапынан биылғы жылға өртке қарсы іс-шаралар үшін тиісті қаржы бөлінді. Барлық өңірлерде селолық округтердің ерікті өрт сөндіру құрамаларымен арнайы-тактикалық оқу-жаттығулары өткізілді, онда орман-дала өрттерін сөндіруге барлық қызметтер мен құрамалардың өзара іс-әрекеттерінің дайындығы тексерілді.
Облыстық энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Виктор Радченко елді мекендерді санитарлық тазалыққа келтіріп, көркейту жөніндегі жұмыстардың қорытындысы жайлы есеп беріп, бұл тұрғыда атқарылған жұмыстарға тоқталды. Биыл 30 мың түп ағаш көшеті отырғызылды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда біршама жоғары болғанымен кейбір аудандарда мүлдем ағаш отырғызылмағаны да байқалды. Талдау көрсеткендей тіпті, отырғызған ағаштардың біразы тиісті күтім болмағандықтан, қурап қалатын көрінеді. Осыған қынжылған облыс әкімі алдағы уақытта бұл жұмысты дұрыс жолға қою үшін ағаш отырғызу науқанына аса жауапкершілікпен қарау жөнінде мәселе көтерді. Сонымен бірге, елді мекендерді абаттандыру жұмыстарын ширату, санитарлық тазалық нормаларының сақталуына назар аударды.
Бұл орайда, облыс әкімі М.К.Мырзалин қалалар мен аудандардың әкімдеріне ішкі істер органдарымен бірлесе отырып, санитарлық талаптарды орындамағандарға қарсы және құрылыс пен көгалдандыру талаптарын бұрмалаушыларға қарсы қатаң шаралар қолдану қажеттігін айтты.
Әкімдік мәжілісінде облыс үшін өмірлік маңызы бар бұдан басқа мәселелер де назардан тыс қалмай, тиісті тапсырмалар берілді.

Аслан ОСПАНОВ.

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар