Абылай хан заманындағы мола табылды

Зеренді ауданындағы «Азияагрохим» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егіс алқабында гранит тасқа қашалып жазылған құлпытастары бар Абылай хан заманындағы мола табылды. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасы хабаралады.

Тарихи жәдігер Қазақстан ауылы маңындағы Уәли хан мазарынан солтүстік-батысқа қарай 10 шақырым жерде орналасқан. Шашылып жатқан екі құлпытасты көрген серіктестік басшысы Борис Козлов бірден тиісті мекемелерге хабарлаған. Тастарды облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының инспекторлары, Зеренді аудандық тілдерді дамыту және мәдениет бөлімі, Ақкөл ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары мен жергілікті өлкетанушылардан құралған топ зерттеді. Екі қабірден басқа, сол жерден тағы 30 шақты белгісіз мұсылман моласы анықталды. Аталмыш тарихи орынды кәсіби деңгейде анықтау мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Р.Сүлейменов атындағы шығыстану институтынан (Алматы қаласы) арнайы маман шақырылды. Мамандар арабша жазуды оқу барысында сүйектер жерленген уақыт XVIII ғасырдың басы – XIX ғасырдың соңы деген ұйғарымға келді. Тастың біреуі – қажыға, ал екіншісі – Абылай ханның серігіне тиесілі.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар