Өз ісінің үздіктері анықталды

Облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастамасымен қылмыстық атқару жүйесі мекемелеріндегі кәсіптік колледждер филиалдарының өндірістік оқыту шеберлері арасында «Өндірістік оқытудың үздік шебері – 2018» атты облыстық байқау болып өтті.
Бұл іс-шараның мақсаты – Ақмола облысының пенитенциарлық жүйе мекемелерінде сотталғандарды жұмысшы мамандықтарына оқыту бойынша кәсіби колледждердің мәртебесін арттыру. Байқауға төрт кәсіптік колледждер филиалдары мекемелерінің өкілдері қатысты.
Қазылар алқасының шешімімен «Үздік өндірістік оқыту шебері-2018» облыстық байқауының бас жүлдесі Степногорск қаласындағы №2 индустриалды-техникалық колледжінің филиалы ЕЦ-166/18 мекемесіндегі «Газэлектрмен дәнекерлеу» өндірістік оқыту мамандығы бойынша шебері Александр Завгороднийге берілді. I дәрежелі дипломмен «Электрик» мамандығы бойынша Атбасар қаласының №1 индустриалды-техникалық колледжінің филиалы ЕЦ-166/4 мекемесінің өндірістік оқыту шебері Юрий Зверев марапатталды. Жүлделі екінші және үшінші орындарды Көкшетау қаласының іргесіндегі Краснояр селосындағы №3 агротехникалық колледжінің филиалы ЕЦ-166/25 мекемесінің – «Аспазшы» мамандығы бойынша шебері Азамат Тілеужанов пен Есіл қаласының №7 агротехникалық колледжінің ЕЦ-166/26 мекемесінің «Тігінші» мамандығын оқытушы Елена Лукаш иеленді. Жүлдегерлердің барлығына да арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Байқаудың ұйымдастырылуына мұрындық болған облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы, әділет подполковнигі К.И.Айдарбеков пен білім басқармасының басшысы Т.Жүнісовке қатысушылар зор ризашылықтарын білдірді.
Анар МАХАМБЕТОВА,
ЕЦ 166/25 мекемесінің
әділет капитаны.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар