Қоғамға пайдалы азамат тәрбиелеу

Адамзат баласының тарихында мәңгілік сақталып қалатын соғыстардың бірі ІІ дүниежүзілік соғыс. Қанды майдан аяқталғанына 73 жыл өтсе де, бабалар ерлігі халық жадында мәңгі сақталып қалады. Майдангерлердің көзсіз ерлігі талай ұрпаққа өнеге, жеткіншек буын өкілдері үшін батырлыққа бастар жол. Бабалардың рухында тәрбиеленген талай азамат еліне адал қызмет етері анық.
Осы орайда Краснояр селосындағы «№3 агротехникалық колледжінің ЕЦ 166/25 мекемесінде орналасқан филиалы жазасын өтеушілерге арнап «Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды…» атты интеллектуалдық сайыс ұйымдастырды. Сайыс 5 кезеңнен тұрды. «Соғыс жылдарындағы әндер», «Өз батырларымызды білеміз бе?», «Батыр баба» атты шығармашылық сайыс, «Қасірет төнген жылдар» атты интеллектуалдық кезең, «Соғыс бұлты төнбесін» атты қабырға газеттері сайысы өткізілді. Оған 25 жазасын өтеуші қатысып, өз білімдерін көрсете білді.
Сайыс барысында сотталғандар ер жүрек бабаларымыздың ерліктерімен танысып, өз білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алды. Жеңімпаздар арнайы грамоталармен марапатталды.
Филиал оқытушылары тарихи күндерге арнап әр-түрлі іс-шаралар ұйымдастыру арқылы сотталғандардың оң жолға түсуіне ықпал етуде. Сотталғандарды дұрыс жолға түсіріп, қоғам игілігіне еңбек етуге қайта дағдыландыру біздің басты мақсатымыз. Осы бағытта филиалдың оқытушылар қауымының еңбегі зор демекпіз.
Анара МАХАМБЕТОВА,
әділет майоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар