Тауық та табыс әкеледі

 Елімізде алғаш рет бройлерлік тауықты өсіру сонау 1969 жылы «Ижевский» кеңшарында қолға алынды.

  Тек қана соңғы 5 жылдың ішінде 16 құс қорасына қазіргі заманғы жаңа технологиялық қондырғылар орнатылыпты. Бүгінгі күні де кәсіпорынды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Соңғы жылдардың өзінде өндірісті жөндеуден өткізіп, техникамен жабдықтауға 5 миллиардтан астам қаржы жұмсалыпты. Нәтижесінде құс өсірушілер саласының озығы атанған «Ижевский» өндірістік кооперативі еліміздің түкпір-түкпіріне сапалы өнімдерін ұсынуда.  Кәсіпорын құс өсірумен қатар мал шаруашылығын да дамытуда. Мәселен, мұнда қыс айларында аптасына 5 тоннаға дейін сүт сауылады.
Кооператив элиталық тұқым өсірумен де айналысады. Астық шығымдылығы жағынан үнемі алда. Осы жетістіктерге өз ісін жетік білетін Еңбек Ері, аталмыш өндірістік кооперативтің бас директоры Ибрагим Жанғоразов ұжыммен бірлесе отырып қол жеткізді. Таяуда Қазақстан құс өсірушілер одағының президенті Руслан Шәріпов «Ижевский» өндірістік кооперативінде болып, Балтабек Байғұтов, Мұратбек Ысқақов, Татьяна Кислицына, Наталья Яковлева және өзге де бірқатар өндіріс озаттарына «Қазақстанның өндірістік құс өсірушілеріне 50 жыл» мерейтойлық медалін табыс етті.
 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Аршалы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар