Қорғалжында – жаңа әкім

Бауыржан Сейітқалиұлы Ғайса 1972 жылы туған. Челябинск мемлекеттік аграрлық және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университеттерін, Польшаның Кутне қаласындағы мемлекеттік жоғары экономикалық мектебін бітірген. Еңбек жолын 1989 жылы жұмысшылықтан бастап, 1994-2005 жылдары жекеменшік саласында еңбек етті. Әр жылдары «Құсайынов және К» серіктестігінің, «Уақ» ғылыми-өндірістік бірлестігінің қаржылық директоры, бас директоры, «Достық МТС» серіктестігінің директоры болды.
2013 жылы «Нұр Отан» партиясы Көкшетау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасарлығына тағайындалып, 2014-2016 жылдары «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары болды. Соңғы кезеңде Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы болып қызмет істеді.

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалин Қорғалжын аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма тоғызыншы сессиясына қатысып, депутаттардың толық келісімін алғаннан кейін ауданға жаңа әкім тағайындады. Актив жиналысын өткізіп, жаңа әкім Бауыржан Сейітқалиұлы Ғайсаны таныстырды.

– Жаңа мен аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХІХ сессиясына қатыстым,-деді облыс әкімі М.Мырзалин. – Мәжіліс күн тәртібіндегі мәселе бойынша белсенді талқылау ұйымдастырып, менің
Бауыржан Ғайсаны Қорғалжын ауданының әкімі лауазымына тағайындау туралы өкімімді бірауыздан қолдады. Мәселеге түсіністікпен қараған депутаттарға алғысымды білдіремін.
Аудан әкіміне сіздердің көмек, қолдауларыңыз керек. Өйткені, өңірде қордаланған мәселелер көп. Бұның барлығын бұрынғы әкімнің және жергілікті тұрғындардың кінәсіне жатқызуға болмайды. Әйткенмен, уақыт талабымен үндес болу керек. Былтырғы жылғы рейтингте аудан облыс бойынша ең соңғы орында қалды. Мал басы барлық түлік бойынша кеміп кеткен. Индустрияландыру саласын дамыту көңіл көншітпейді. Ауданға инвестиция тарту 80 пайызға ғана орындалғаны баршаңызды ойлантуға тиіс. Ел үлкен түйткіл елді мекендерді сумен қамтуға қатысты болып отыр. Көрсетілген қызметке ақы төлеу сын көтермейді. Сондықтан, «Ақмола су арнасы» мекемесінің мүліктерін республикалық меншікке беру туралы шешім қабылдауға тура келді. Жалпы, ауданда тиісті ресурстар бар. Ендігі жерде сіздерден белсенді жұмыс талап етіледі.
Жиналыста ауданның бұрынғы әкімі Қ.Рыскелдинов пен жаңа әкім Б.Ғайса сөз сөйледі.
«Арқа ажарының»
өз ақпараты.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар