Ақмола облысы әкімі Мәлік Мырзалиннің құттықтауы

Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби төл мерекелеріңіз – Денсаулық сақтау қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Осы бір айтулы күні баршаңызға барлық жақсы тілектерді тілегім келеді. Дәрігердің жұмысы – бұл ең ауыр да жауапты жұмыс. Өйткені, олар күн сайын мыңдаған адамдардың өмірін құтқарып, денсаулықтарын жақсартады.
Медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартып, сіздердің еңбектеріңізді жеңілдету үшін жыл сайын мемлекет тарапынан қыруар қаржы бөлініп, емдеу-аурудың алдын алу мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту бағытында көп жұмыстар жасалып келеді. Өткен жылы ғана облысымызда 206 бірлік медициналық құрылғы, 33 санитарлық автокөлік, екі компьютерлік томограф, жылжымалы сандық маммографтық жүйе, эндоскоптикалық құрылғы және төрт мобильдік рентгендік жүйе сатып алынды. Атбасар мен Астанадан өңірлік инсульттық орталық ашылды.
«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде аурудың тарихы туралы қағаз нұсқалардың орнын басатын медициналық ақпараттық кешен жүйесі қалыптастырылуда. Бұл дәрігерлердің жұмысын жеңілдетіп, аурулардың кезегін азайтады. Адамдардың электрондық денсаулық паспорты жасалуда. «Damumed» мобильді қосымшасы арқылы үйде отырып-ақ дәрігердің қабылдауына жазылуға, қабылдау уақыты кестесін білуге болады.
Биылғы жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің базасынан «Жалпы медицина» мамандығы бойынша медициналық факультет ашылмақшы. Қазіргі күні облысымызда денсаулық сақтау саласында 1857 дәрігер және 6446 орта дәрежелі медициналық мамандар қызмет етеді. Олар науқастарға қиын сәттерде жедел көмекке келуге әрдайым әзір.
Барлық медицина қызметкерлеріне ауыр да жауапты міндеттерін адал атқарып, уақытпен санаспай адамдардың денсаулықтарын қорғау саласында жасап жатқан жұмыстары үшін зор ризашылығымды білдіремін. Сіздерге мықты денсаулық, жеке өмірлеріңізге бақыт және еңбектеріңізге зор табыс тілеймін.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар