Балаларға қамқорлық

Облыстық кәсіпкерлер палатасы Еңбекшілдер аудандық  филиалының мұрындық болуымен Степняк қаласында балалардың ойын-сауық орталығы ашылмақшы.

4,5 миллион теңгеге бағаланған бұл жобаны қолға алған жергілікті кәсіпкер Борис Курган қала паркін абаттандырып, инфрақұрылымын дамытуды ұсынған көрінеді.
Кәсіпкер осында кеңес заманынан бері қаңтарылып тұрған «Як-40» ұшағын жөндеп, балалар кафесін ашуды көздеп отыр. Сондай-ақ, мұнда әртүрлі ойындар ұйымдастыру, қолданбалы өнер көрмесі мен жәрмеңкелер өткізу қарастырылуда.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Еңбекшілдер ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар