28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтауы

Құрметті журналистер!
Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Қазіргі ақпараттық технологиялар шарықтап дамыған, ашықтық пен жариялылық заманында БАҚ мемлекеттік саясатты жүргізуде аса зор маңызды рөл атқарады.
Сіздердің өздеріңізге жүктелген ауыр да жауапты міндетті атқарудағы еселі еңбектеріңіз бен кәсіби біліктіліктеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Облысымыздағы болып жатқан барлық маңызды оқиғалар мен жаңалықтар сіздер арқылы халыққа таралып, жетіп отырады. Сіздердің жұмыстарыңыз сонысымен де бағалы және маңызды.
Кәсіби мерекелеріңіз қарсаңында баршаңызға шығармашылық табыс, зор денсаулық, отбастарыңызға игілік пен бақыт тілей отырып, облысымыздың, тұтас еліміздің дамуына жағымды ақпараттарыңыз арқылы игі ықпалдарыңызды тигізе беріңіздер демекпін!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар