Жаңа технологиямен жұмыс істейді

2010 жылы іске қосылған «ЕНКИ» керамикалық кірпіш зауыты өңірлік индустрияландыру картасына енген облысымыздағы іргелі кәсіпорындардың бірі. Өндірісте Испанияның озық технологиясы қолданылады. Зауыт жылына 30 түрлі 60 миллион дана кірпіш өнімін шығаруда. Жыл өткен сайын кәсіпорынның материалдық-техникалық базасы нығайып келеді. Кәсіпорында еңбек ететін мамандар біліктіліктерін арттырып, жаңа технологиямен жұмыс істеуге маманданған және кәсіпорын басшылары тарапынан ұжым мүшелерінің алаңсыз жұмыс істеуіне барынша жағдай жасалынған. Жас маман Алексей Перешивкин өзінің еңбек жолын зауыттың қарапайым жұмысшысы болып бастаған жігерлі жастардың бірі. Бүгінгі таңда кірпішті кептіру және пеш операторы болып еңбек етуде. Ол аз уақыттың ішінде кәсіби тәжірибе жинақтап, жаңадан келіп жатқан жас мамандардың біліктілігін ұштауға да көмектесіп тұрады.
Суретте: Алексей Перешивкин.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *