Бар мүмкіндікті пайдалану қажеттігі айтылды

Бұланды ауданының орталығында әйелдердің кәсіпкерлігін және ауылдағы әйелдердің экономикалық мүмкіндігін дамытуға арналған облыстық форум болып өтті.

Форум жұмысына Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттары Майра Айсина мен Айгүл Соловьева, Ақмола облысы әкімінің орынбасарлары Айна Мысырәлімова мен Қанат Ыдырысов, «Expo&Women» халықаралық ұйымы мен қаржы институтының, екінші деңгейлі банктер мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Белгілі қазақстандық бизнес-жаттықтырушылары бизнес өкілдері үшін шебер кластарын көрсетті. Форум барысында «Coca-Cola Белестері» конкурсының тұсаукесері болып өтті. Оның аясында жыл сайын он әйел селода өз бизнес жобасын жүзеге асыру үшін 4 мың АҚШ долларын алады. Бүгінгі таңда Ақмола облысында шағын және орта кәсіпкерліктің 43,1 мың субъектісі жұмыс істейді. Мұнда 129,7 мың адам, оның ішінде 50 мың әйел адам өз ісімен айналысса, 10 мың әйел адам басшы болып табылады.
Форум қорытындысы бойынша қала мен аудан әкімдіктеріне «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры», «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамдары мен өзге де кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктері ұсынатын мүмкіндікті кеңінен пайдалануға кеңес берілді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар