Тамылжыған жыр кеші

Облыстық филармонияда тыңдарманның жүрегіне жол тапқан танымал әнші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Майра Нұркенованың Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған мерекелік ән кеші болып өтті.

Өнер кешіне облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов қатысып, жезтаңдай әншіге шығармашылық табыс тіледі.
Кеш барысында көрермен әншінің репертуарындағы әндердің кәусарына қанды. Майра әнші «Егіз лебіз», «А напоследок я скажу», «Баллада о матери» сынды әндерді әуелете шырқап, көңіл толқынын тербеді. Ән салумен бірге, әр әннің тарихына бойлап, әншілік өмірінің қызығы мен шыжығын да әсерлі әңгімеледі.
Әлбетте, әнсүйер қауым әншіге қол соғып, құрмет-қошеметін, ыстық ықыласын аямады. Мерекелік кеш жиналғандардың жанын жадыратып, жан сарайын байыта түсті.

Ырысгүл КЕНЖЕБЕКҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар